Талдықорған: +17°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖОЛ АПАТЫ ЖИІ БОЛАТЫН ЖЕРЛЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

14 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖОЛ АПАТЫ ЖИІ БОЛАТЫН ЖЕРЛЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полицейлері жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын жол учаскелеріне талдау жүргізді. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Алматы облысы әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, көлік апаттары жиі орын алатын жол учаскелерін арнайы құрылғылармен бақылап, жолдың сапасын тексеріп, көлік апаттарының орын алу себептерін анықтады.

— Талдықорғандағы Абылай хан көшесі арқылы қалаға кіреберіс аумақ тексерілді. Жолды бағалау жұмыстары арнайы қондырғымен жабдықталған автомобильде жүзеге асырылды. Мәліметтер 50-ден астам параметр бойынша әр 100 метр сайын жазылып отырды. Жол қауіпсіздігі деңгейі бойынша рейтинг жасалады. Рейтинг деңгейі төмен болса, оны жоғарылату бойынша тиісті инвестициялық жобаны аталған институт өкілдері әзірлеп, ұсынады, — деп хабарлады Алматы облыстық әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Серікжан Әбжанов.

Автожолдарды бұл әдіспен тексеру тек қауіптілігі жоғары жерлерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар, барлық жол учаскелерін толық талдауға, апат деңгейі төмен, ең қауіпсіз бөлімді қалай жақсартуға болатындығын бағалауға мүмкіндік береді.

— Біз жолдардың сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп тұрамыз. Биыл жалпы қолданыстағы жолдарға 1694 тексеру жүргізілді. Жол жөндеу мекемелеріне тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы 1705 нұсқама табыс етілді. Автокөлік жолдары мен жол құрылғыларын күтіп ұстау талаптарын орындамағандары үшін 218 жол мекемесі мен жауапты тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды, — деп толықтырды әкімшілік полиция өкілі Серікжан Әбжанов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қараталда ұлттық өнер ұлықталды

Қараталда ұлттық өнер ұлықталды

Бүгін, 14:02
Жолдау басымдықтары: Жетісуда өндіріс қызметкерлерімен пікір алмасты

Жолдау басымдықтары: Жетісуда өндіріс қызметкерлерімен пікір алмасты

Бүгін, 14:01
Өнеркәсіп министрлігі CoreElement AI компаниясымен келісімге келді

Өнеркәсіп министрлігі CoreElement AI компаниясымен келісімге келді

Бүгін, 13:30

Жаркентте қытайлық инвесторлардың қатысуымен жаңа шағын аудан бой көтереді

Бүгін, 13:00
Еліміздегі ең үздік 20 отбасы марапатталды

Еліміздегі ең үздік 20 отбасы марапатталды

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.