2024 жылдың 31 желтоқсанында Талдықорғанда жеке үйде газдың жарылу себебі белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің тергеу басқармасы 2024 жылдың 31 желтоқсанында тұрғын үйдегі өрт дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатқаны хабарланды.
«Тергеу барысында оқиғаның қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстардың жүргізілуімен байланысты екені анықталды. Салдарынан абайсызда адам өліміне әкелген қайғылы жағдай болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары жүргізіліп жатыр, олардың нәтижелері тергеу барысында ескерілетін болады», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Барлық тергеу шаралары аяқталғаннан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Фото: видеодан алынған кадр