Талдықорған: +17°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА АЛҒЫС АЙТТЫ

01.03.2022
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА АЛҒЫС АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаңтар айының басы халыққа ауыр тиді. Кім дос, кім дұшпан, айыра алмай қалдық. Тек Президенттің айтқанымен үйден шықпай, сабыр сақтадық. Бұл орайда ел ауызбірлік танытты.

Елді мекендерді бүлікшілерден тазартқанша әскерилерге кедергі жасамауға тура келді. Көптің көшеде, қала арасында сапырылыспауы құқық қорғаушылардың жұмысына да өз септігін тигізді. Ақ пен қараны ажырата алмай қалуымыздың себебі, бейбіт шеруге шыққандардың талабын лаңкестердің басқа жаққа бұрып жіберуінде болып тұр. Бір-екі күнде бірнеше қаланың астан-кестеңі шықты.

Осындай бүлікті жерімізге көз салып отырған басқа елдер пайдаланып кете ме деп қорықтық. Тәуелсіздіктен айырылып қаламыз ба деген де қорқыныш сананы сілкіндірді. Ата-бабам аңсап, ғасырлар бойы жан-жақтан анталаған жауды тойтарып,  қол жеткізген Тәуелсіздіктен енді айырылсақ, алпауыттардың аузына тұтылуымыз әбден мүмкін. Талай ел дәл солай жер бетінен жойылғаны тарихтан белгілі.

Жерің мен тілің болмаса кімсің?!  Әрине, мүсәпірсің. Одан кейін сені ешкім сыйламайды, санаспайды. Осы орайда бар үмітіміз ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта еді. Бар сенеріміз де, сүйенеріміз де сол кісінің шешімдері мен елжандылығына тірелді. Жазушының баласы отаншыл ұстанымынан ауытқымауы керек. «Әкеден ұл тусайшы, әке жолын қусайшы» демеуші ме еді?! Минуттар мен секундтарға дейін үлкен маңызға ие болып, Алашұранды елдің тағдырын шешуге жұмсалды. Президентіміз ел үмітін ақтады! Бір күнде елдің болашағына қауіп төндіретін, пиғылы арам бірнеше адамды қызметтен аластатты. Орнына сенімді адамдарды қойды. Бәрінен мемлекеттің мүддесін жоғары қоятынын айтты. Тізгінді мықтап ұстады. Қандай жағдай болса да елмен бірге екенін мәлімдеді.

Осылайша, елдің ертеңгі күнге деген сенімін арттырды. Қауіпсіздік  кеңесі төрағасының тізгінін қолына алды. Оған бәріміз қуандық. Қорғаныс күшін күшейту керек болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек  сұрады. Дәл сол сәтте бұл өте орынды шешім еді. Әйтпесе, лаңкестердің  беталысын қайтару қиынға соқты. Бірнеше ұшақ әскердің көмекке келуі бүлікшілерге психологиялық тойтарыс берді.  Елордаға үш бірдей әскери ұшақтың келгенін білген содырлар Президенттің резиденциясына басып кіру жоспарынан айныды. Олар билікке солай жетпекші болған. Бірақ ұшқыр ойлы Президент айлакерлердің алдын орады. Халықты сын сағаттан аман алып қалғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтар алғысымыз шексіз.

Енді бір мәселе, мына аузым бар деп сөйлей беретіндерге бір шара қолданылса деген ұсыныс айтқым келіп отыр. Әсіресе, интернеттегі кейбір  блогер, белсендісымақтар көптің санасын улап,  адастырып жатыр. Ел ішінде дүрбелең тудыратын, көпті бағытынан адастыратын  ұрандар жазуда. Кейбіреулері Президентке де тіл тигізеді. Оның шешімін халыққа дұрыс емес деп түсіндіруге күш салады. Сыбайластыққа қарсы қоғам құру жайлы бағытты өзгертіп, өздерінің кесірлерін тигізіп бірді-бірге айтақтауда. Билік пен бас пайдасын ғана ойлайтындар елге «қамқор» болмақшы. Бұларға халық болып қарсы шығуымыз керек. Аздырушылардың бетін біржолата қайтарып тастасақ болар еді. Әйтпесе, интернеттегінің бәрін дұрыс ақпарат деп ұғатындар ұрандап, солардың соңынан еріп кетуі әбден мүмкін. Президент айтпақшы, мақсатымыздың басында ел мүддесі тұруы тиіс. Қазақтың бағына билікке адал перзенті келді. Ендігі біздің міндет – басшы біреу, қалғаны оған тіреу болып, ел бірлігін сақтау.

Аманғазы ШЕГІРОВ,

Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

Конституциялық қағидаттар жария басқарудың стандарты

10.07.2026
Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

Жоба тоқтаған: «Бақтыбай – Балпық би» айналма жолы салына ма?

10.07.2026
Жолаушыны жол сынайды

Жолаушыны жол сынайды

10.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.