Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Арбат алаңы абаттандырылды

Бүгінде Талдықорған қаласындағы Арбат аумағы заман талабына сай жан-жақты абаттандырылуда. Осыған сәйкес қала әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы жұмыс жүргізіліп жатқан Біржан сал көшесін аралап құрылыс сапасын тексерді.

15 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда Арбат алаңы абаттандырылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жауаптылардың сөзінше, Талдықорғанға облыс орталығы мәртебесі берілгеннен бері еш жөндеу көрмеген бұл аумақ ұзақ жылдар бойы жабайы сауда алаңына айналып келген. Бұрын мұндағы жолдың екі жағасына тізілген түрлі жеміс-жидектер мен басқа да тауарлардан аяқ алып жүргісіз болатын. Тіпті, саудагерлер жаяу жүргіншілер жүретін жолға дейін иеленіп алған. Оның үстіне жол шетіне иін тірестіре қойылған сатушылардың және такси жүргізушілерінің көліктерінен жұрттың базарға кіріп шығуы әбден қиындаған. Мұндай келеңсіздіктерді жойып, базар аумағын ретке келтіру мақсатында биылғы жылдың көктемінде Арбат аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіле басталған. Қазір қолға алынған  істер негізінен аяқталып, аумақ тегіс жаңартылған.

Құрылыс алаңын аралау барысында Ернат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстардың сапасына баса назар аударып, орындалған істерге оң баға берді. Сондай-ақ, ол жаңадан салынған Арбат қала тұрғындары үшін тағы бір жайлы демалыс орнына айналатынын тілге тиек етіп, оны ұқыпты әрі таза ұстау көпке ортақ екенін ескертіп, бұдан былай бұл жерде бейберекет сауда сатуға қатаң тиым салынатынын жеткізді.

 – Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Бүгін біз жаңа Арбатты техникалық тұрғыда іске қосып отырмыз. Заман талабына сай абаттандырылған жаңа Арбат алдағы уақытта қала тұрғындарының тағы бір жайлы демалыс орнына айналмақ. Қазір сіздер бұл аумақтың толықтай абаттандырылғанын байқаған боларсыздар. Қала әкімі ретінде сіздерден өтінерім егер серуендеу немесе сауда жасау барысында  мұнда рұқсат етілмеген жерде сауда сатқандарды байқасаңыздар, оны фото немесе видеоға түсіріп, 102 немесе 109 нөміріне жолдауларыңызды сұраймын. Біз жедел әрекет етеміз. Арбаттың және  қаламыздың гүлденуіне ортақ ат салысайық!» — деді шаһар басшысы.

                                                                                                                                     Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.