Талдықорғанда мас күйдегі ер адам дәмхана қонақтарына пышақ алып жүгірген, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға 16 қазанға қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам дәмханада жанжал шығарып, қолындағы пышақпен қонақтарға тап берген. Куәгерлер дереу полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына бірнеше полиция экипажы жетіп, құқық бұзушы ұсталды. Ер адамды ұстау сәті видеоға түсіп қалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.





