Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда тұрғын үй құрылысы қарқынды

Бүгінде Жетісу облысының орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысы қарқынды. Осыған сай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала аумағындағы бірқатар нысандарды аралап жұмыс барысымен танысты.

6 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда тұрғын үй құрылысы қарқынды
WhatsAppTelegramFacebook

Осы орайда Ернат Дүйсенбекұлы алдымен қаладағы «Бірлік», «Құлагер» шағын аудандарына барып ондағы көпқабатты үйлер мен алаңдардың және жаңа саябақтың құрылыс сапасына баса назар аударды. Әрі жауапты мердігер мекеме басшыларына қолға алынған жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпей сапаға баса мән беріп, уақытылы аяқтауды ескертті. Осыдан соң шаһардағы «Береке» коттедж қалашығында  ат басын тіреген қала әкімі ондағы қайта жаңғыртылып жатқан тұрғын үйлердің жай-күйімен танысып, бірқатар мәселелерді пысықтады.

Еске сала кетсек, 2014 жылы бюджеттен 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, Талдықорған – Алматы бағытындағы күре жолдың бойынан «Береке» коттедж қалашығының іргетасы қалана бастаған болатын.  Баспаналарды салу міндеті «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген еді. Алайда қалашықтағы 18,6 мың шаршы метр несиелік және жалға берілетін 600-ге жуық тұрғын үйдің 373-і қолданысқа беріліп, 200-ден астамының құрылысы аяқталмай қалған. Бөлінген үйлердің сапасы сын көтермей, бір бөлігі аяқсыз қалғандықтан 2022 жылдың қыркүйек айында аталған мердігермен келісім-шарт біржақты тәртіппен бұзылып, мемлекет қаражатын ұрлау фактісі бойынша жауапты адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Көп өтпей қылмысқа қатысы бар адамдар анықтылып, сот үкімімен тиісті жаза арқалаған. Содан бастап ұзақ уақыт басынан дау арылмай қаңырап бос тұрған баспаналарды қалпына келтіру жұмыстары өткен жылы ғана қолға алынып, жөндеуден өткен үйлер ел игілігіне беріле бастаған. Бүгінде ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары көңіл көншітерлік.

Сала мамандарының мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сай мұқтаж жандарды баспанамен қамту өңірлердегі өзекті мәселелердің бірі. Қазір Талдықорған қаласы бойынша  15 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Осыған сай бүгінде Жетісу облысында тұрғын үй құрылыстары қарқынды.  Мәселен, өткен жылы 2 мыңға жуық отбасы баспаналы болса, биыл тағы 2 мыңнан астам жанұя жаңа қоныстойын тойлайды деп жоспарланған.

Бұл жолғы құрылыс нысындарын аралау барысында Ернат Бәзіл аймақтағы іргетасы енді ғана қалана бастаған көркем гимнастикаға арналған спорт кешеніне соғып жүргізіліп жатқан жұмыстарды көзбен көрді.

– Биыл Талдықорған қаласында салынатын құрылыс нысандарының саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артып отыр. Ендігі мақсат олардың санына емес, сапасына мән беру. Әрине, кейбір мәселелерді әлі де пысықтау қажет. Ең бастысы халықтың игілігіне бағытталған жобаларды сәтімен жүзеге асыру керек, – деді шаһар басшысы.

Сапар соңында ол қаладағы орташа жөндеу жұмыстары басталған Рүстембеков және Гагарин көшелеріне бұрылып құрылыс жүргізуде барлық техникалық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

                                                                                                                                      Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.