Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда үздік спортшылар марапатталды

Жыл сайын елімізде тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт күні айрықша аталып өтілуде. Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл шаһардағы спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген 70-тен астам үздік спортшы мен жаттықтырушыларға сый-құрмет көрсетті.

18 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда үздік спортшылар марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының орталығындағы көркем өнер мектебінде өткен салтанатты шарада сөз алған Ернат Дүйсенбекұлы жалпы спорт саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Бүгінгі шараның басты мақсаты – спортшылардың жеткен жетістіктерін бағалаумен қатар, оларға қолдау көрсету. Спортшылар күні тек спортшылардың ғана емес, жалпы салауатты өмір салтын ұстанатын барлық азаматтарға ортақ мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортты дамытуға ерекше мән беріп келеді. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес қаламызда бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын жаңарту және жасөспірімдерге қолдау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл жетістіктер спортта тер төгіп жүрген жаттықтырушылар мен спортшылардың ерен еңбегінің нәтижесі,– деді қала әкімі.

Осыдан соң ол жалпы өңір спортшыларына жаңа жеңістер мен биік белестер тілеп саладағы 74 үздік спортшыны Құрмет грамотасы және арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Бұл жолғы шаһар басшысының қолыннан марапат алғандардың қатарында әлемдік додаларда топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүрген  үздік спорт саңылақтары, сала ардагерлері, жас спортшылар мен білікті жаттықтырушылар бар.

 Сала жауаптыларының сөзінше, мұндай құрмет жас буын өкілдеріне зор шабыт беруіп, жауапкершілікті арттырады. Қазір қала спортын  дамытуға мемлекетпен қатар, ірі кәсіпкерлер мен меценаттар да ат салысуда. Бүгінде олардың қолдауымен облыс орталығында бірқатар жаңа нысандар салынып, тұрғындардың спортпен алаңсыз айналысуына бар жағдай жасалуда. Мәселен, таяуда Еркін ауылында шағын футбол алаңы ашылып, қалада Көркем гимнастика спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.  Ал өткен жылы облыс орталығында кәсіби тұрғыда жаттығуға мол мүмкіндік беретін волейбол және үстел тенисіне арналған спорт кешендері қолданысқа берілген болатын.

                                                                                                                                    Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.