Талдықорған: +4°C
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жас өнерпаздар облыстық байқауда бақ сынады

19.02.2026
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жас өнерпаздар облыстық байқауда бақ сынады
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында жас өнерпаздардың басын қосқан дәстүрлі облыстық фестиваль-байқау өтті. Биылғы өнер додасына өңірдің түкпір-түкпірінен 140 бала қатысып, өз шеберлігін ортаға салды.

7 мен 17 жас аралығындағы өрендер үш жас ерекшелігі бойынша сынға түсті. Домбыраның күмбірі, фортепианоның әуезі, хор ұжымдарының үйлесімді үні – көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ұйымдастырушылар мұндай байқаулар ұлттық өнерді ұлықтаудың маңызды тетігі екенін айтты.

Шара облыстық білім басқармасының қолдауымен өтті. Негізгі мақсат – оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыру және өнер мектептерінің жұмысын дамыту. Бұл туралы облыстық білім басқармасы ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Ақбаян Суниятова атап өтті. Оның сөзінше, байқау жеңімпаздары алдағы республикалық кезеңге жолдама алып, өңір намысын қорғайтын болады.

Сахнаға алғаш рет шығып отырған қатысушылар да аз емес. Солардың бірі – фортепиано сыныбы бойынша өнер көрсеткен Кәусар Есімова. Ол пианиноға бір жыл бұрын ғана келгенін, бірақ облыстық жарысқа алғаш рет қатысып отырғанын айтты.

– Пианино ойнаған кезде аздап қорықтым. Бірақ маған аспапта ойнаған ұнайды. Себебі ол адамды дамытады, – дейді жас өнерпаз.

Ақсу ауданы, Исатай Исабаев атындағы өнер мектебі жанындағы «Балауса» хор ұжымы бұл байқауға екінші жыл қатарынан қатысуда. Ұжым мүшесі Еркежан Нұрланқызы:

– Бұл жер балалардың шыңдалуына көмектесетін өте керемет деңгейдегі сайыс, – дейді. Расында да, мұндай дода жас өнерпаздарды жауапкершілікке, тәртіпке және кәсіби шеберлікке баулиды.

Байқау қорытындысында Н. Тілендиев атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Илария Этенко, орта жас топтар арасында «Жеке орындаушы» номинациясы бойынша балалар өнер мектебінің шәкірті Леон Ким, ересек топтар арасында «Жеке орындаушы» номинациясында Анита Ким, музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуінде Ақсу ауданы И. Исабаев атындағы өнер мектебі Бас жүлде иегерлері атанды.

Топ жарып шыққан жеңімпаздар енді Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынамақ. Бұл олардың шығармашылық жолындағы жаңа белес, үлкен сахнаға бастар қадам.

Жас өнерпаздардың жалындаған талабы мен сахнадағы сенімді қадамы өңір мәдениетінің ертеңіне деген сенімді нығайта түседі. Талантқа қолдау бар жерде руханияттың тамыры тереңдей беретіні сөзсіз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қосылды: Тоқаевтың Вашингтондағы мәлімдемесі

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қосылды: Тоқаевтың Вашингтондағы мәлімдемесі

19.02.2026
«Жетісудың» сенімді жеңісі. Тайм-аутсыз өткен матч

«Жетісудың» сенімді жеңісі. Тайм-аутсыз өткен матч

19.02.2026
Бүгін Софья Самоделкина еркін бағдарламада бақ сынайды

Бүгін Софья Самоделкина еркін бағдарламада бақ сынайды

19.02.2026
Жетісу облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Жетісу облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

19.02.2026
Доллар бағамы неге 490 теңгеден төмен түсті?

Доллар бағамы неге 490 теңгеден төмен түсті?

19.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.