Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысының биылғы құрылыс бюджеті 59,6 млрд теңгені құрады

10 сәуір 2026
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК
Жетісу облысының биылғы құрылыс бюджеті 59,6 млрд теңгені құрады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық құрылыс басқармасының биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстары қорытындыланып, алдағы жоспарлар сараланды. Брифинг барысында Жетісу облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Санжар Қалдыбек есеп беріп, өңірдегі құрылыс саласының бүгінгі тыныс-тіршілігімен бөлісті.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында Санжар Қалдыбекұлы облыс қазынасынан бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына тоқталды. Оның айтуынша, биылғы жылдың алғашқы үш айында жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалған.

«2026 жылы құрылыс басқармасының бюджет көлемі 59,6 млрд теңгені құрады. 3 айдың жағдайы бойынша 12 млрд теңгенің 12,0 млрд теңгесі игерілді немесе 99,9 пайызға жетті. Қаржыландыру көздеріне үңілсек, республикалық бюджеттен 14,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 20,5 млрд теңге бағытталған. Сонымен қатар ішкі қарыздар есебінен 7,9 млрд теңге қарастырылса, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы арнайы мемлекеттік қорлардан да қомақты қаражат бөлініп отыр», – деп мәлімдеді басқарма басшысының орынбасары.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 71 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл қатарда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары бар. Спикердің сөзіне сүйенсек, 2026 жылы 67 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.Жетісулық оқушылар үшін биыл 6 білім беру нысаны есігін айқара ашпақ.

«Кербұлақ ауданы Көксай ауылында 60 орындық орта мектеп салу, Талдықорған қаласында 300 орындық «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқу корпусын салу және сыртқы жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ Текелі қаласы мен Ескелді ауданындағы мектептерде де құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалмады. Өңірде 12 нысан бой көтереді. Соның ішінде Талдықорғандағы 150 орындық оңалту орталығы мен 500 келушіге арналған емхана құрылысы халық үшін аса маңызды жобалар қатарында», – деді Санжар Қалдыбек.

Халықты баспанамен қамту бойынша облыста 12 тұрғын үй нысанының құрылысы жүруде. Үштөбе, Балпық би, Сарқан қалаларында және Талдықорғанның бірнеше шағын аудандарында жаңа пәтерлер пайдалануға берілмек. Осы орайда 27 инженерлік желілер жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жобалардың аясында жаңадан салынған үйлерге электр, су және жылу желілері тартылып, айналасы абаттандырылады.

Туризм саласында да жағымы жаңалық жетерлік. Айталық, Балқаш көлінің жағалауындағы жұмыстар қарқын алмақ. «Сарқан ауданы, Лепсі ауылындағы Балқаш көлінің жағасындағы Балқаш туристік-рекреациялық аймағының инженерлік желілерінің құрылысы жүргізілуде», – деп атап өтті спикер. Мұндай жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға тікелей ықпал етеді.

Спорт саласында Алакөл ауданы Қабанбай ауылында 80 орындық спорт кешені салынып жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар келешекте «Шаңғы-биатлон кешенін» және өзге де дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын салуға 3,7 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.

Жиын соңында Санжар Қалдыбек алдағы кезеңдегі жоспарлармен бөлісті. Құрылыс басқармасы тарапынан түрлі министрліктерге 109,5 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жолданған.

«Білім министрлігіне 11 мектеп салуға және 4 орта мектепті күрделі жөндеуге 54,0 млрд теңгеге өтінім берілді. Сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігіне суару желілерін реконструкциялауға 14,0 млрд теңге сұралды. Жыл соңына дейін облыста 66 нысанды пайдалануға беру межеленіп отыр. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы, өрт сөндіру бекеттері мен мәдениет үйлері бар», – деді басқарма өкілі.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.