Талдықорған: +18°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тауықтан табыс тапқан

06.03.2025
КҮНДЕРЕК
Тауықтан табыс тапқан

«Мал өсірсең, қой өсір – табысы оның көл-көсір», – дейді қазақ. Көшпелі тұрмысқа қолайлы, өрісте алысқа ұзамайтын, еті мен жүні, сүті, тіпті, сүйегіне дейін кәдеге жарайтын бұл аша тұяқтының орны ерек еді. Дейтұрғанмен, жаңа дәуірге сай түрленген салт пен сана тың кәсіптерді тіршілікке арқау етуге итермеледі. Мәселен, құс өсіру. Баба жұрт құс қатарынан қыран баулып, қансонар жиі ұйымдастырғанмен тауық, тауыс, үйрек-қаз асырамапты. Тауық өсіруді ата-баба танымынан тыс көретіндер де жоқ емес. Десе де  сол қазақтың ұрпағы құстан да көлдей болмаса да, нәпақа тауып жүр. Солардың бірі – сарқандық Тимур Тұралықов. 

Қазір минимализм заманы. Отар-отар қойды, үйір-үйір жылқыны алға сап, жаз жайлауды, қыс қыстауды паналау өткеннің еншісінде кетті. Мемлекеттен бұйырған 10 сотық аулаңнан асып алысқа бара алмайсың. Маңайдың бәрі егістік, бос жатқан жер жоқ. Қайтпек керек? Қолда барды ұқсату қажет. Тимур сөйткен жан. Ауласынан құс үйшігін салып, 500-ге жуық тауықпен бала-шағасын асырап отырған еңбек адамы. Етін, жұмыртқасын, балапанын сатумен айналысып еңбек етіп жүрген замандас.

 – Бұрын ауылда тауық ұстайтынбыз. Әрі кетсе құс саны 50-ге жететін. Дейтұрғанмен, сол уақытта тауықты «мал болмайтындар» қатарына жатқызатын. Соған қарамастан 2013 жылы осы құсты көбейтуге бел будым. Сол кезеңдерде жұмыртқаның бағасы өте арзан еді. Саны аз болған соң шығын пайдадан көп болып, бұл кәсіпті тастадым. Төрт түлік өсіріп, мал бордақылап та көрдім. Уақыт өте жем-шөптің қымбаттығы, жайылымның жоғы бұл кәсіпті де өрге бастырмады. Білетінім – құс жайы. 2020 жылы тауыққа қайта ден қойдым. Қазір кәсібім дөңгеленіп келеді, – дейді еңбек адамы.

Жұрт арасында «фабрикадағы тауық дәрімен жұмыртқалайды, қолдың жұмыртқасы сапалы келеді» деген сөз бар. Жерден өскен шөпті жұлып жейтін құстың өнімі құнарлы келеді дейді кейбіреулер. Қажетін тауып жеген малдың еті де, сүті де сапалы болатынын баба жұрт әлде- қашан дәйектеп қойған. Сол үшін жыл мезгілдеріне сай қыстау, жайлау, күздеуге көшіп жүретін. Ал құс фабрикасындағы тауық тор ішінде алдына бергенді жейді. Оның үстіне өнімділікті арттыру деген пайым тағы бар. Химиялық қоспалар береді. Нәтижесінде өнім мол. Мұны таразылаған кейіпкеріміз өмірдің өзінен алған мысалымен бөлісті. 

 –  Бірер жыл бұрын танысым мал базарынан 100 тауық сатып алды. Келгеннен жұмыртқаны таудай үйді. 100 тауықтан 100 жұмыртқа. Мұндай өнімділіктен соң сатушыларға хабарласып, тағы 250-ін сатып алды. Алғашқы 5 күндікте қорасынан 350 жұмыртқа жинап жүрді. Кенет алтыншы күнде тауықтың жұмыртқа тууы тоқтады. Танысым жемнен көріп, молынан бидай шашты, жүгеріні үйіп-төкті. Өнім жоқ. Амалсыз шығынға беталған тауықтарын сойып, етін маңайға үлестірді. Сонда басталды қызық. Әлгі тауықтың еті жеуге де келмейді екен. Өзінің таза еті жарты келі ғана. Ал оны 3-4 сағат суда қайнатқанымен, еті сол күйі шандыр болды. Бұл іске әбден бас қатырдық, – дейді кейіпкеріміз. 

Сарқан ауданы, Қойлық ауылының тумасы Тимур Әбілмәжінұлы бұл кәсіпті отбасын асырау үшін бастаған. Әрі жеті баланың қажеттілігін өтеу мына заманда оңай шаруа емес. Кейіпкеріміздің сөзінше, тауық өсіру «жем шаштым, жұмыртқа тапты» дейтін оңай кәсіп емес.

Қай кәсіпті де бажайлап қарамаса өнімсіз келетіні тағы бар. Айтуынша, жем құрамын байытып беру арқылы құнарлы жұмыртқа тауып отыр. Тимур Тұралықовтың тауықтары күнде бидай, жүгері, арпа, туралған шөп, бор, сүйек ұны, балық ұны, шемішке және соя күнжарасын араластырып береді. Бұған ұлу, айқұлақ сынды жәндіктердің хитинді жабыны да тауықтың азығы болуы тиіс. Осындай қоспалы жемнің нәтижесінде сапалы өнім алуға болады. 

Мәселен жәндіктердің хитинді жабынын бермесе, жұмыртқаның қабығы жұқа, ал балық пен сүйек ұнынсыз өнім сұйық болады-мыс.

– 2024 жылы ет бағытындағы бройлер тауықтарын өсіруге грант ұтып алдым. Алматыдан балапандар әкеліп, өсірдім. 300 бас құс 45 күнде 3-4 келі ет жинайды екен. Дейтұрғанмен, бұл бағытта қиыншылықтарға тап болдым. Мәселен, бұл тауықтың ғұмыры 45 күннен аспауы керек. Одан асса шығынға бастайды. 45 күнде бройлер 5-6 келі жем жейді. Оның келісі қазір базарда 300 теңгеден жоғары. Жай бидай мен арпа берсең, салмақ жоғалтады. Дәрі-дәрмегі тағы бар. Сонда бір құсты 45 күн өсіру үшін 2000 теңгеге жуық қаражат кетеді. Ең басты қиындық бұл емес. Өңірімізде бройлер етін өткізу аса қиын. Арнайы цехтар сертификат сұрайды. Мұндай құжат тек ірі құс фабрикалары үшін қажет. Содан етті өткізу қиындады. Ақыры соңында құс етін көршілерге үлестірдік, – дейді кейіпкер. 

Тимурдың жары Аида Шектібаева құстың өнімділігі үшін жайлы жағдай керегін алға тартуда. Мәселен, қыста қора ішінде су қатпайтын температура тұруы тиіс. Жазда салқын әрі желдетулі болғаны абзал. Аида құстарға өзінің жеті баласын күткендей қарайтынын да жеткізді. Бұған қоса, көпбалалы отбасы есік алдындағы әрбір сүйем жерді игілігіне пайдалануды құп көреді. 30 сотық бақшада 300 түп алма ағашын орналастырған. Жеміс ағаштары арасына жаз бойы егін егеді. Сарымсақ, пияз, картоп, қызылша дегенді қыс бойы сатып алмайды. Бастысы, қолға алған кәсібі, отбасының тірлігі талайға үлгі болса екен. 

Дастанбек САДЫҚ
Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.