Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде Талдықорған қаласының әкімі Ернат БӘЗІЛДІҢ қатысуымен брифинг өтті. Жиында қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі қозғалды.
Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту арқылы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясаты іске асырылуда.
Қыркүйек айынан бастап қалдықтарды жеке секторлардан шығару жоспарлануда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап әкету жұмысының кестесі күн сайын, жеке аумақтарда аптасына 1 рет жүзеге асырылады. Сондай-ақ, іргелес аумақты 5 метр радиуста тазалау, контейнерлерді уақытылы жөндеу, әр 21 күн сайын дезинфекциялау және контейнерлерді жуу жұмыстары жүргізіледі.
Биыл 1 маусымынан бастап «Жаңа-Сана» ЖШС арнайы 43 жұмысшы, контейнерлер үшін 8 бірлік, жерасты контейнерлері үшін 3 бірлік көлемінде техниканы тарта отырып, коммуналдық қалдықтарды шығару жұмысын бастады.
А. ӘБІЛТАЙҚЫЗЫ