Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ТАЗАМЫН»: БАҒДАТ МАНЗОРОВ ӨЗ ЕРКІМЕН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

10 ақпан 2020
КҮНДЕРЕК
"ТАЗАМЫН": БАҒДАТ МАНЗОРОВ ӨЗ ЕРКІМЕН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өз еркімен жұмысынан кетті. Облыс әкімі Амандық Баталов орынбасарын аппарат жиынында жылы пікірмен шығарып салған. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Амандық Баталов Бағдат Манзоровтың жұмыс істеген уақытында өз ісінің кәсіби шебері екенін дәлелдеп, тәжірбиелі жетекші екенін көрсете білгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Арыс қаласын қалпына келтіруге күш салып, өңірді газдандыруда, тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі еңбегін ескеріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде экс-орынбасар біраз іс атқарылғанын айтып, әріптестеріне алғыс білдірді. Алғашқы іссапарын облыс басшысымен Арыс қаласынан бастап, шаһарды қалпына келтіруде жауапты жүктемелерді сәтті орындап шыққанын жеткізді.

Танымал шенеунік «Azattyq Rýhy» сайтына берген сұхбатында: «Мен бүгін арыз жазамын. Қазір сағат 10-да. Әлгі жағдайдан кейін төрт ай жұмыс жасадым. Өзімді-өзім көрсеттім. Прокуратураның қаулысы бар, тазамын. Мұндай шешімді өзім қабылдадым. Осы қызметтен кеткім келеді, өзім үшін өмір сүргім келеді. Әзірге бір-екі ай демаламын, арғы жағын уақыт көрсетеді. Содан кейін айтатыным, маған ешкім жұмыстан кет деп жатқан жоқ, мен мансапқұмар емеспін. Бұл жұмысқа жабысып тұрған жоқпын, өзім шешім қабылдадым, соны дұрыс түсініңіздер. Бұл жұмысқа мен бір пайда табу үшін немесе жемқорлықпен айналысу үшін келген жоқпын. Бұл жерге жұмыс істеу үшін келген едім. Кейбір адамдарға керек болса, бұл жұмысты өткізіп беремін. Өзімнің айналысатын басқа істерім бар», — деп айтқан.

Еске салсақ, Бағдат Манзоров 2019 жылдың шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, кәсіпкерлік және туризм салаларына жауапты болды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.