Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Өңірлік экологиялық саммитке қатысу үшін Астана қаласына келді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәжікстан басшысы 22-24 сәуір аралығында өтетін «Өңірлік экологиялық саммит – 2026» іс-шарасына қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі осы аптаға жоспарланған іс-шаралар кестесін жариялаған болатын. Соған сәйкес, аталған күндері елордада өңірлік деңгейдегі экологиялық саммит өтеді.

БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының негізгі мақсаты – Орталық Азия елдерінің орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ климаттық және экологиялық сын-қатерлерге бірлескен шешімдер әзірлеу.
Саммитке бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.






