Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Текелі қаласында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

27.02.2025
КҮНДЕРЕК
Текелі қаласында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында елдің әр өңірінде белсенді түрде өтуде. 

Бүгінде экоакция Текелі қаласында жалғасын тауып, М. Әуезов көшесі бойындағы жағалау аумағы, 2 балабақша мен 8 мектеп маңына қардан тазартылып, қатқан мұздар ойылды. Қоршаған ортаны қорғау және қаланың тазалығын сақтау мақсатында өткізілген шараға қалалық мәслихат депутаттары, «Шапағат» және «Кәсіпкер» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері белсене қатысты. Жалпы саны 50-ге жуық азамат бірлесіп, еңбек етті. Бұл жұмыстар балалар мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Өткен жылы «Таза бейсенбі» акциясы аясында өңір бойынша 252 000-нан астам адам қатысып, 32 ірі экологиялық шара ұйымдастырылды. Осы уақыт ішінде 2 350 техника жұмылдырылып, 15 000 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2025 жылдың басынан бері Текелі қаласында 8 экологиялық акция өткізіліп, 8 тонна қоқыс пен 4000-нан аса текше метр қар мен мұз жиналды.

Шара барысында Текелі қалалық мәслихатының төрағасы Бауыржан Түгелбаев сөз сөйлеп, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға және осындай игі істерге белсене қатысуға шақырды.

Экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, қала тұрғындары үшін таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталатын болады.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.