Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Tele2/Altel қатарлық компанияға сатылып кетті

15.01.2025
КҮНДЕРЕК
Tele2/Altel қатарлық компанияға сатылып кетті

«Қазақтелекомға» тиесілі «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ны катарлық компанияның сатып алуы бойынша мәміле аяқталды. Бұл туралы ақпаратты Қазақстан қор биржасына ұлттық байланыс операторы орналастырды,

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақтелеком» Pih Communication LLC еншісіне сай «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ын сату жөніндегі мәмілені түйіндеді», делінген инновациялар жөніндегі бас директор Нұрлан Мейірмановтың қолы қойылған «Қазақтелеком» құжатында.

Мәміле 2025 жылдың 14 қаңтарында жасалды.

14 қаңтарда жарияланған тағы бір құжатта «Қазақтелекомдағылар» мәміле жасау туралы шешімді 2024 жылдың 31 мамырында қабылданып, 4 маусымда шарт жасасқаны жазылған.

«Шарт 2025 жылғы 14 қаңтарда қатысушының ауысуына байланысты кейінге қалдыру шарттары орындалғаннан және компания қайта тіркеуден өткеннен кейін күшіне енді», — делінген құжатта.

Мәміленің аяқталғаны туралы сүйінші жаңалықпен «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы Бағдат Мусин желідегі жеке парақшасында бөлісті.

«Министр болған кезімде Қазақстандағы телекоммуникация саласы тым монополияланғанын айтып жүргем. Мемлекет басшысы да экономиканың негізгі салаларын демонополизациялау қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын. Бүгін «Қазақтелеком» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясындағы 100% үлесін Қатардың Power International Holding холдингіне сату бойынша мәмілені аяқтағанын қуана хабарлаймын. Power International Holding холдингі ірі халықаралық ойыншы ретінде Қазақстанның телекоммуникация саласын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Осындай нағыз бәсекелестік жағдайында операторларға бағаны төмендетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуіне тура келмек. Мұндай ашықтық тәсілі нарықта инновацияларға жол ашып, тұтынушылық тәжірибесін жақсартатынын басқа елдерден көруге болады. Біз ашық және бәсекеге қабілетті нарыққа бет алдық, бұдан тұтынушылар мен бизнестің ұтары көп екені сөзсіз», делінген Мусиннің жазбасында.

Айта кетсек, алғаш рет «Қазақтелекомның» Tele2/Altel брендтерімен жұмыс істейтін өзінің мобильді активтерінің бірі — «Мобайл Телеком-Сервисті» (МТ-С) қатарлық инвесторға сататыны туралы 2024 жылдың ақпан айында белгілі болды. 2024 жылдың маусым айында ЦДИАӨМ басшысы Жаслан Мәдиев мәміле сомасы 1 млрд доллар болатынын шамалады (кейінірек бұл соманың 1,1 млрд доллар екені нақтыланды). «Қазақтелеком» 2019 жылдың мамыр айынан бастап жалғыз акционер ретінде МТ-С-ті меншіктеді. Содан кейін ол өзінің серіктесі — Tele2 компаниясынан Khan Tengri Holding B. V бірлескен кәсіпорнындағы үлесін сатып алды.

Фото: Руслан Пряников

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.