Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

TikTok Қазақстанда 1,5 млн-нан астам видеоны өшірді

11 ақпан 2026
КҮНДЕРЕК
TikTok Қазақстанда 1,5 млн-нан астам видеоны өшірді

TASS/Zuma

WhatsAppTelegramFacebook

2025 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында TikTok платформасы Қазақстанда қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін 1,5 миллионнан астам видеороликті өшірді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ дерегіне сүйеніп.

Бұл туралы компания 10 ақпанда Қауіпсіз интернет күніне орай мәлімдеді.

Компания есебіне сәйкес, 2025 жылдың үшінші тоқсанында республика аумағында 1 567 613 видео жойылған. Контенттің 99,7%-ы пайдаланушылардың шағымынсыз, яғни проактивті түрде бұғатталған. Ал роликтердің 94,8%-ы жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде өшірілген. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден жоғары.

Салыстыру үшін, 2025 жылдың екінші тоқсанында (сәуір-маусым) Қазақстанда 1,4 миллионнан астам видео жойылған. Осылайша, үшінші тоқсанда өшірілген контент көлемі артқан.

Компания дерегінше, 2025 жылдың үшінші тоқсанында әлем бойынша қауымдастық ережелерін бұзған 200 миллионнан астам видео өшірілген. Оның 99,3%-ы проактивті түрде бұғатталса, 94,8%-ы жарияланғаннан кейін бір тәулік ішінде жойылған.

Сонымен қатар платформа тікелей эфирлердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударатынын мәлімдеді. 2025 жылдың үшінші тоқсанында әлемде 32 миллионнан астам LIVE-трансляция бұғатталған.

TikTok тікелей эфирлерді монетизациялау үдерісіне қатысты бақылау шаралары туралы да ақпарат таратты. Компанияның мәліметінше, алдымен авторларға ескерту жасалады. Бұл олардың контенті ережелерге қайшы болуы мүмкін екенін түсінуге және өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді. Егер заңбұзушылықтар жалғасса, платформа автордың тікелей эфирлердегі табыс табу мүмкіндігін шектеуі мүмкін.

2025 жылдың екінші тоқсанында 2 321 813 трансляция мен 1 040 356 стримерге ескерту және демонетизация шаралары қолданылған. Ал үшінші тоқсанда шектеу қойылған эфирлер саны 69%-ға өсіп, 3 914 684-ке жеткен. Шектеуге ұшыраған аккаунттар саны 2,1 миллионнан асқан.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай статистика әлеуметтік желілердегі контентті бақылау тетіктерінің күшейгенін көрсетеді. Сонымен бірге, бұл көрсеткіштер онлайн-платформаларда қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталып отырғанын аңғартады.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Талдықорғанда қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін, 14:01
Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Текеліде оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің зияны түсіндірілді

Бүгін, 13:30
Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Еліміз цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытуға үлес қосады

Бүгін, 13:06
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.