Талдықорған: +35°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Төрт түлік – ел ырысы

11.07.2026
КҮНДЕРЕК
Төрт түлік – ел ырысы

Қанат Мақанұлы

WhatsAppTelegramFacebook

«Мал баққанға бітеді» деген халқымыз төрт түлікті ырыс пен несібенің бастауы санаған. Берекелі тірліктің баянды болуы да, ауыл шаруашылығының өркендеуі де ең алдымен малдың саулығына тікелей байланысты. Сондықтан ветеринария саласын жетілдіру, ауыл-аймақтағы қызмет сапасын арттыру – маңызды міндеттің бірі. Осыған орай Көксу ауданында ветеринариялық нысандардың тыныс-тіршілігі таныстық.

Алдымен Балпық би ауылындағы Сейфуллин көшесі, №4 «А» мекенжайында орналасқан ветеринариялық бекетті араладық. Екі жыл бұрын, яғни 2024 жылы пайдалануға берілген нысан бүгінде аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді. Заманауи талапқа сай жабдықталған бекетте мамандардың алаңсыз еңбек етуіне барлық мүмкіндік қарастырылған. Кең әрі жарық жұмыс бөлмелері, қажетті техника, жаңа ақпараттық базаға қосылған компьютерлер, тұрмыстық жағдайды жеңілдететін құрал-жабдықтар – мұның бәрі қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаевтің айтуынша, бекетте он қызметкер еңбек етеді. Жалпы өңірдегі ветеринария саласының әлеуеті де жылдан-жылға артып келеді.

– Облыста екі миллионға жуық ұсақ мал, 680 мың ірі қара және 500 мыңға жуық жылқы бар. Осы салада 1070 маман қызмет атқарады. Оның 680-і – ветеринариялық дәрігерлер. Ал Көксу ауданында жеті мыңға жуық ұсақ мал мен алты жарым мыңдай ірі қара есепке алынған. Мамандардың жалақысы да тұрақты, материалдық-техникалық база кезең-кезеңімен жаңартылып келеді, – дейді Дархан Қуатұлы.

Басқарма басшысы орынбасарының мәліметінше, соңғы жылдары ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінген. Нәтижесінде өңірде 66 ветеринариялық пункт пен бір ветеринариялық стансысы бой көтеріп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар сала мамандарының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында 83 арнайы автокөлік, 217 компьютер жиынтығы, 238 планшет, өндірістік тоңазытқыштарға арналған 10 электрогенератор, 55 кондиционер, 100 фармацевтикалық тоңазытқыш, 102 термочемодан, 56 кір жуғыш машина, малды бірдейлендіруге арналған 130 құлақ тескіші мен екпе жұмыстарына қажетті 111 арнайы шприц сатып алынып, ел игілігіне берілді. Мұндай кешенді қолдау ветеринариялық қызметтің сапасын арттырып қана қоймай, мамандардың еңбек өнімділігін де едәуір жақсартқан. Бұған қоса, сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына да айрықша мән беріліп, ветеринария мамандарының айлық жалақысы 150 мың теңгеден 250-300 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Ветеринариялық қызметтің нәтижесі ең алдымен ауыл тұрғындарының ризашылығынан аңғарылады. Балпық би ауылдық округіне қарасты Теректі ауылының тұрғыны Орынжан Әсейін мал бордақылаумен айналысады. Оның айтуынша, ветеринар мамандар шаруалардың жанынан табылып, қажетті көмекті дер кезінде көрсетеді.

– 2019 жылы Қытайдан тарихи Отаныма көшіп келдім. Алғашында Талғар қаласында тұрдым. Кейін осы ауылға қоныстандым. Қазір 25 бұқа бордақылап отырмын. Ветеринариялық мамандар жиі келіп, малдың жағдайын тексеріп, қажетті кеңестерін береді. Қызметтеріне көңілім толады, – дейді ауыл тұрғыны.

Іссапар барысында Мұсабек ауылында салынып жатқан жаңа ветеринариялық нысанның құрылысы таныстырылды. «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқан мал ұстап-тексеру алаңы – малды қауіпсіз бекітіп, ветеринариялық шараларды жүргізуге арналған арнайы кешен. Мұнда жылқы, ірі қара және ұсақ мал жеке-жеке орналастырылып, екпе салу, сырғалау, тексеру секілді жұмыстар қауіпсіз әрі тиімді жүргізіледі.

Нысанның ені – 20 метр, ұзындығы – 27 метр. Ал малды жеке өткізіп, бекітуге арналған арнайы дәліздің ені 80 сантиметрді құрайды. Құрылыс жұмыстары келесі айда толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Осындай мал ұстап-тексеру алаңдары облыстың 8 ауданында екі-екіден салынбақ.

Ветеринария – көзге көп көріне бермейтін, алайда елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін маңызды сала. Заманауи инфрақұрылымның қалыптасуы, жаңа нысандардың бой көтеруі және тәжірибелі мамандардың табанды еңбегі – өңірдегі мал шаруашылығының дамуына тың серпін беріп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға үлесін қосатыны анық.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Төрт түлік – ел ырысы

Төрт түлік – ел ырысы

11.07.2026
Маңдай тердің өтеуі

Маңдай тердің өтеуі

11.07.2026
Әділетті қоғам кепілі

Әділетті қоғам кепілі

11.07.2026
Қоғалы көгілдір отынға қосылды

Қоғалы көгілдір отынға қосылды

11.07.2026
Бала қауіпсіздігі – қоғам айнасы

Бала қауіпсіздігі – қоғам айнасы

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.