Талдықорған: +22°C
$ 471.93
€ 548.43
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Төрт жылдықтағы толайым іс

20.05.2026
КҮНДЕРЕК
Төрт жылдықтағы толайым іс

Қанат Өмірәлинов

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде Үштөбе, Үшарал, Талдықорған қалалары мен Балпық би ауылында жылу көздерін салу және қайта жаңғырту бойынша 4 жоба іске асырылды. Ал биыл Талдықорған қаласында тағы бір жаңа көшеішілік қазандық пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы кезеңде мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылып, олардың тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік туды. Әлеуметтік саладағы 35 нысан газға көшірілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2022-2025 жылдары Жетісу облысында Балпық би және Қарабұлақ ауылдарында, сондай-ақ Талдықорған, Текелі, Үштөбе және Үшарал қалаларында 33,8 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 45%-ға дейін төмендетілді.

2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 10,4 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Жоспарланған жұмыстар нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейін 42%-ға дейін төмендету көзделген.

– Биыл Талдықорған қаласында қуаты сағатына 49 Гкал болатын көшеішілік қазандықтың құрылысы жалғасуда. Нысанның дайындығы 60% шамасында. Сонымен қатар жаңа қазандықты толыққанды қосу үшін ұзындығы 2,5 шақырым жылу желілерін салу жобасы қатар жүзеге асырылып жатыр. Жобаны 2026 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ «Береке» коттедж қалашығында қуаты сағатына 17 Гкал болатын қазандық салу көзделуде. Аталған жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, – деді Айдос Бекетаев.

Бұдан бөлек, облыс орталығын жылумен қамтамасыз ететін негізгі жылу көзі саналатын «Басқуат» жылу қазандығына түсетін жүктемені азайту бағытындағы шаралар да жалғасып жатыр.

Сөйтіп 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында екі қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, 5,3 шақырым жылу желілері жөнделді. Ал 2026 жылға тағы екі қазандықты күрделі жөндеуден өткізу, 5,5 шақырым жылу желілерін жөндеу, сондай-ақ Ұлттық жоба аясында 4,9 шақырым магистралды желілерді қайта жаңғырту бойынша екі жобаны іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде биылғы жылдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.

Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен «Басқуат» жылу қазандығы базасында электр қуаты 84 МВт және жылу қуаты сағатына 70 Гкал болатын газтурбиналық станцияның құрылысы жүргізілуде. Жобаның бірінші кезеңі толық аяқталды. Екінші және үшінші кезеңдерін іске асыру 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Жоба жүзеге асқан жағдайда қазандыққа түсетін жүктеме шамамен қосымша 50%-ға төмендейді.

«Жылумен жабдықтау саласындағы тағы бір маңызды жоба Текелі қаласында жүзеге асырылып жатыр. Жеке инвестициялар есебінен ЖЭО-ны жаңғырту және кеңейту жобасы қолға алынған. Жоба аясында жалпы электр қуаты 53 МВт және жылу қуаты сағатына 48 Гкал болатын газтурбиналық станция салу көзделген. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды, ал жобаны толық аяқтау биылға жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде Текелі қаласы үшін қосымша жылу энергиясының резерві құрылып, өңір қосымша электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ЖЭО жабдықтарының тозу деңгейі екі есеге төмендейді», – деді басқарма өкілдері.

Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарын газбен жылыту жүйесіне көшіру жұмыстарын жүйелі жүргізу де маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

Осылайша, 35 көпқабатты тұрғын үйге 14 блокты-модульді қазандық орнатылып, соның арқасында 1650-ден астам абонент қауіпсіз әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2022 жылдан бері әлеуметтік саладағы 35 нысан газбен жылыту жүйесіне көшірілді.

Атап өтсек, жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындар мен әлеуметтік мекемелер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар өңір басшылығының тұрақты бақылауында.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен ЮНЕСКО жаңа жоспарды бекітті

Қазақстан мен ЮНЕСКО жаңа жоспарды бекітті

20.05.2026
Алакөлде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды

Алакөлде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды

20.05.2026
Төрт жылдықтағы толайым іс

Төрт жылдықтағы толайым іс

20.05.2026
Жетісуда 133 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді

Жетісуда 133 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді

20.05.2026
Кербұлақ ауданының әкімі Қаспан округі тұрғындарымен кездесті

Кербұлақ ауданының әкімі Қаспан округі тұрғындарымен кездесті

20.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.