Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ДЕПОЗИТ МӘЖБҮРЛЕУ ЗАҢСЫЗ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ

26 шілде 2023
КҮНДЕРЕК
ТҰТЫНУШЫЛАРҒА ДЕПОЗИТ МӘЖБҮРЛЕУ ЗАҢСЫЗ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандық тұтынушылар түрлі тынығу орындарына барып демалған уақытта кәсіпкерлер тарапынан депозитпен мәжбүрлеу сынды мәселеге ұшырап жатады. Бұл ретте ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 28 бабында тұтынушыны тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өзіне қажетсіз мөлшерде және (немесе) ассортиментте сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынған. 

Бұл жайында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайтбеков облыстық «Атамекен» ҰКП өткен «Көңіл көтеру орындарындағы, демалыс базаларындағы депозит мәселесі және тұтынушылар құқығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында жеткізіп,  заңның нормаларын кездесуге қатысқан кәсіпкерлерге, оның ішінде көңіл көтеру орындарымен демалыс базасы иелеріне түсіндірді.

Сонымен қатар, департамент басшысы «Тұтынушылар ресторан, кафе, асхана және басқа да тамақтану орындарында тапсырыс беруге арналған мәзірдегі тіл мәселесін қозғап, жоғарыда аталған заңның 24 бабына сәйкес сатушы (дайындаушының, орындаушының) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы «ҚР тіл туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге міндетті» екендігін атап өтті.

Практика жүзінде кездескендей, кәсіп иелері мәзірді тек орыс тілінде көрсетіп, тұтынушылар тарапынан мемлекеттік тілде көрсетілмегендігі туралы шағымдар келіп түсуде.
Тағы бір өзекті мәселе, егерде тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайдағы шағым жазу, кері байланыс жайлы да жиын барысында көтерілді. 

«ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 33-2 бабында сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті» — деп атап өтті Еділ Зайтбеков. 

Жиында өзгерістермен толықтырулар енгізілетін ҚР «Тұтынушылар құқықтары туралы» Заңының жобасы жайында сөз қозғалды. Заң жобасының 54-бабында кәсіпкер сотқа дейінгі кезеңде заңды талаптарын қанағаттандырмаған тұтынушының пайдасына айыппұл салу көзделгенін атап өткен жөн. Бұл айыппұлдың бірегей ерекшелігі-оның тараптардың бәсекелестігі негізінде сот өндіріп алған сомасы сотта өзінің заңды тұтынушылық құқықтарын қорғайтын тұтынушының пайдасына аударылады.

Сонымен қатар, тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсмен институтының енгізілуімен тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғауды институционалдық күшейту жүзеге асырылатын болады.Жиын жалғасы сұрақ-жауап алмасумен жалғасып, кәсіп иелері өздеріне қажетті мағлұматтарды алды. 

Жалпы ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 200ден аса өтініш түсіп, 6 101 000 теңге қаржы тұтынушыға қайтарылған. Өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар: сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселелері.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Бүгін, 23:12
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Бүгін, 19:46
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

Бүгін, 17:30
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

Бүгін, 17:09
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Бүгін, 16:41

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.