Талдықорған: +25°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТЫҢДАҢЫЗДАР! ҚОНАЕВТАН АЛМАТЫҒА ҚАТЫНАЙТЫН ЖҮРДЕК ПОЙЫЗ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

11.11.2022
КҮНДЕРЕК
ТЫҢДАҢЫЗДАР! ҚОНАЕВТАН АЛМАТЫҒА ҚАТЫНАЙТЫН ЖҮРДЕК ПОЙЫЗ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін таңертең Қонаев қаласынан Алматыға заманауи үлгідегі алғашқы пойыз жолға шықты. Жаңа бағыттың ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, «Қазақстан темір жолы», «Жолаушылар тасымалы» компаниясының өкілдері қатысты. Таңғы сағат 5:30-да басталған игі шараны тамашалауға Қонаев қаласының тұрғындары көп жиналды. Қуанышты сәтте су жаңа пойыздың алғашқы жолаушылары да тіркеліп, жол жүру билетімен Алматыға сапар шекті.

Дизельді отынмен жүретін пойыз Қонаев пен Алматы қаласының арасында күніне екі мәрте қатынайды. Қонаев қаласынан таңғы сағат 6:00-де шыққан пойыз жолда үш стансыға аялдайды. Жол ұзақтығы 1 сағат 17 минутты құрайды. Үш елді мекеннен кейін пойыз «Алматы-1» вокзалында бағытын аяқтап, кешкі сағат 19:00-де Қонаев қаласына қайтады.

Аталған бағытты қаржыландыру биылша ұлттық тасымалдаушы компания есебінен жүзеге асады. Ал келер жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу бойынша арнайы конкурс ойнатады. Сөйтіп, қаржыландыру мәселесі шешімін таппақ. Келешекте жаңа бағыттың ауқымы кеңейіп, Алматыдан Қонаев қаласына да таңғы және кешкі уақытта жолаушылар тасымалданады. Сондай-ақ, алдағы желтоқсан айында жаңа бағыт «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін ұзартылмақ.

Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов:

— Алматы мен Қонаев қаласы аралығында жаңа теміржол бағытының ашылуын үлкен игі іс деп білемін. Әлеуметтік маңызы да зор. Қазіргі жаңа бағыт Қонаев қаласынан Алматыға қатынап жұмыс істейтіндер үшін өте тиімді. Келер жылдан бастап облыс әкімдігі Алматыдан Қонаевқа да дәл осындай кестемен пойыз бағытын ашуды жоспарлап отыр. Сөзімнің соңында облыс әкімдігі мен Қонаев қаласы тұрғындарының атынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясына алғысымды білдіремін, – деді.

Әкім орынбасары өз сөзінде қазіргі таңда Қонаев қаласы қарқынды дамып келе жатқанын, мұнда болашақта көптеген мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандар бой көтеретінін, соның ішінде, Қапшағай көлінің жағалауынан Жаңа Іле шағынауданы салынатынын айтып өтті. Мерекелік шарада Қонаев қаласының ақсақалдары Амангелді Беспаев пен Амангелді Керімбеков пойыздың қызыл лентасын қиып, жолаушыларға ақ жол тіледі. Сонымен бірге, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов ізгі тілегін білдіріп, Қонаев тұрғындарын жаңа бағыттың ашылуымен құттықтады.

Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмас Батановтың айтуынша, қала маңындағы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын пойыз Қонаев қаласындағы екі стансыны басып өтеді. Одан кейін Жетіген, Байсерке ауылдарына аялдайды. «Осы уақытқа дейін автобекеттен Алматыға қарай көліктер ағылып жатса, енді пойыз да жолаушыларды таситын болады. Пойыздың билет құны 400-450 теңге шамасында. Желтоқсанның 11-нен бастап бағытты «Алматы-2» стансасына дейін созу жоспарланып отыр. Өздеріңіз білетіндей, «Алматы-2» бекеті метроға жақын. Яғни, тиімді бағыттың бірі де осы. Қазіргі таңда біз таңғы сағат 6:00-де Алматыдан бері қарай бағыт ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Пойыз қолданысқа берілген соң жыл аяғына дейін тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, жобаны ары қарай тағы жетілдіре түсеміз», – деді басқарма басшысы.

Еске сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына келген сапарында ірі мегаполис маңында теміржол желісін жандандырып, көлік-логистика әлеуетін арттыруды тапсырған еді. Аталған игі шара Президент тапсырмасы аясында жүзеге асқан жайдарман жаңалықтың бірі болып отыр.

— Бұрын жеңіл көлік жалдап, такси қызметін жиі пайдаланатынбыз. Қыс мезгілінде көлікпен жүру тіптен қауіпті. Жол тайғақ, Алматыға кіретін жолдың бәрі кептеліс. Осындай кезде пойызбен жүру өте тиімді. Әрқашан жол ашық. Жазда Қапшағай су қоймасына демалуға келетін туристер үшін де пойызбен қатынау қолайлы болайын деп тұр. Осындай мүмкіндік жасаған Президентімізге, облыс әкімдігіне ризашылығым шексіз, – деп жаңа пойыздың алғашы жолаушысы Рахат Қалнияз өз әсерімен бөлісті.

Жолаушылар үшін тағы бір маңызды ақпарат, билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасынан, сондай-ақ, басқа да банк жүйелері арқылы онлайн сатып алуға мүмкіндік бар.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Қонаев қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.