Талдықорған: -1°C
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚУАНЫШ ЕСЕЛЕНГЕН КҮН

05.03.2025
КҮНДЕРЕК
ҚУАНЫШ ЕСЕЛЕНГЕН КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

8-наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 23 көпбалалы отбасыға «Береке» коттедж қалашығынан баспана кілті табыс етілді. Көптің қуанышын бөлісуге арнайы қала әкімі Ернат Бәзіл келген, ақжарма тілегін білдіріп, баспана кілтін тапсырды. 

Көптен бері бұқаралық ақпарат құралы мен жұрт назарынан түспей келген «Береке» шағынауданындағы баспана дауы кейінгі бір-екі жылда бәсеңдеп, есесіне көпті қуанышқа кенелткен жақсы істер көбейе түсті. 

Былтыр желтоқсан айының соңында 25 көпбалалы отбасыға «Береке» коттедж қалашығынан тұрғын үй берілсе, жыл басынан бері осы қалашықта 49 баспана тапсырылды. Міне, бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған 23 көпбалалы отбасыға баспана кілті табыс етіліп, қуанышқа кенелтті. Сондай жанның бірі Талдықорған қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Алтынгүл Шаймерденова.

– Көпбалалы ана ретінде 2013 жылы үй кезегіне тұрып едік. Міне, бүгін қолымызға үй кілті тиіп, қуанып тұрмыз. Осы күнге дейін жалдамалы пәтерде ұлым, келінім, басқа балалар мен немерелер бірге тұрып келдік. Іші жылы, бөлмесі кең, екіқабатты  жаңа үй еңсемізді көтерді Бір ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірдім. Олар енді баспана деген уайымнан арылып, болашақ армандарын жүзеге асыруға нық қадаммен кірісетін болады, – дейді көпбалалы ана  Алтынгүл Тілеуқызы. 

Коттежді қалашықтағы құрылысы бітпеген үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

– Бүгінгі күні қаламыз бойынша 15 мыңнан аса отбасы баспана кезегінде тұр. Осы мақсатта тұрғын үй салу жұмыстарын өткен жылдарға қарағанда екі есеге ұлғайтып, халықты жайлы тұрғын жаймен қамту межесін арттырмақпыз. Жыл сайын 1500-ге жуық баспананы қолданысқа беретін болсақ, кезекті барынша қысқартамыз, –  деді қала әкімі.

Бүгінде Талдықорған қаласы бойынша халықты жайлы баспанамен қамту жұмысы қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Оған дәлел, жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы 102 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, ал жыл соңына дейін 1400-ден аса тұрғынды баспанамен қамту жоспарлануда. Тұрғындарға берілген баспананың басым бөлігі жалдамалы және несиелік тұрғын үйлер.

Айта кетейік, «Береке» қалашығында қалған 107 коттедждің құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады деп күтіліп отыр.

Қажет АНДАС
Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қатысты жаңалықтар

Аграрлық саланың түйткілдері талқыланды

Аграрлық саланың түйткілдері талқыланды

13.02.2026
Менің өлкем – құқықтық тәртіп аумағы

Менің өлкем – құқықтық тәртіп аумағы

13.02.2026
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады

13.02.2026
Инвесторлармен кездесті

Инвесторлармен кездесті

13.02.2026
Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

13.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.