Талдықорған: +17°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Үміт ұясы

17.10.2025
КҮНДЕРЕК
Үміт ұясы
WhatsAppTelegramFacebook

Республика күні қарсаңында Талдықорған қаласында жаңа әлеуметтік нысан «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды.  Бұл – Жетісу өңірінде іске қосылған оныншы орталық. Енді мұндай мекемелер облыстың барлық ауданында жұмыс істеп тұр.

Мұнда өмірдің қиын кезеңін бастан өткеріп жүрген әйелдер  уақытша баспана тауып қана қоймай, психологиялық және әлеуметтік көмек алады.

Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл аталған орталықтың ашылуы – облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмаларының нақты нәтижесі екенін атап өтті.

– Қазіргі қоғамда мұндай орталықтардың маңызы артып келеді. Бұл – қоғамдағы әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі. Біз өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен аналарға көмек көрсетіп, оларға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беруді басты мақсат етеміз, – деді Ернат Бәзіл.

Орталықтың басты міндеті – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, жалғызбасты аналарға және әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету.

Екі қабатты ғимаратта орналасқан орталықта жайлы жатын орын, балаларға арналған ойын бөлмесі, психолог кабинеті, асүй және жаттығу залы бар.

Орталықтың ерекшелігі – көрсетілетін қызметтің кешенділігінде. Мұнда әйелдерге психологиялық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және тұрмыстық бағытта 12 түрлі тегін қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ мамандар жұмысқа орналасуға, құжаттарды рәсімдеуге, балалардың құқығын қорғауға және тұрмыс жағдайын реттеуге көмектеседі.

Орталық директоры Жанар Нұрмұханова:

– Біз мұнда келген әр анаға жай ғана баспана емес, үміт пен сенім сыйлауға тырысамыз. Әрбір тағдыр – ауыр сынақ, – дейді.

Бүгінде орталықта бірнеше ана мен олардың балалары тұрып жатыр. Солардың бірі – алты баланың анасы Балжан Сатылғанова.  Ол ажырасқаннан кейін көмек сұрар жер таппай, қиындыққа тап болғанын айтады.

– Бұл жер мен үшін жаңа өмірдің бастауы болды. Құжаттарым қалпына келтірілді, психолог қабылдауына жазылдым, қайта оқуға мүмкіндік алдым. Ең бастысы – жылы сөз бен құрмет көрдім, – дейді.

Айта кету керек, «Жанұя» орталығы орналасқан ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылған нысан. Осылайша бұрынғы қараусыз қалған ғимарат енді ізгілік мекеніне айналды.

– Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нақты нәтижесі.  Бұрын пайдасыз тұрған ғимарат бүгін адамдардың өмірін жақсартуға қызмет етуде. Бұл – мемлекеттің ресурсын халық игілігіне бағыттаудың айқын үлгісі, – деді орталық басшысы Жанар Нұрмұханова.

Бүгінде орталықта 15 маман еңбек етуде. Олардың қатарында психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен педагогтар бар. Барлығы да арнайы дайындықтан өткен.

Мамандардың айтуынша, орталықтың басты мақсаты – әйелдерге тек уақытша баспана беру емес, олардың қоғамға қайта бейімделіп, өз өмірін жаңа парақтан бастауына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта мұнда қолөнер, жеке даму, фитнес және еңбек дағдылары бойынша курстар ұйымдастырылған.

Облыста соңғы екі жылда  отбасын қолдау және дағдарыс орталықтарының саны айтарлықтай артты. Бұл – өңір басшылығының отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау бағытындағы жүйелі жұмысының дәлелі.

 

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

Ұлттық домбыра ұлықталған күн

03.07.2026
Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

Текеліде сыбайлас жемқорлыққа қарсы отырыс өтті

03.07.2026
«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл соңына дейін 121 мың көшет отырғызылады

03.07.2026
Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Ел қорғау – қасиетті парыз

Құқықтық мемлекет жолындағы соны үдеріс

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.