Облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Наурыз Сайлаубай мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Руфина Усанова І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымымен кездесті.
Университеттегі жиынды оқу орнының жастар ісі жөніндегі проректоры Болат Сериев жүргізді. Жиынға профессор-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері мен студенттер, жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысты.
Кездесуде жоғары білім беру жүйесін дамыту, мамандарды даярлау сапасын арттыру, өңірдің кадрлық әлеуетін нығайту және университеттің облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуеті, жұмыс берушілермен байланысы мен алдағы даму бағыттары сөз болды.
Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, сондай-ақ ОСДП партиясы жастар қанатының жетекшісі ретінде студент жастардың мәселелеріне ерекше назар аударды. Қатысушылар жоғары оқу орнының жұмысын жетілдіруге қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Тараптар елге өз бетінше ойлайтын, шешім қабылдай алатын және қоғамға пайдасын тигізетін бәсекеге қабілетті, бастамашыл әрі жауапты азаматтар қажет екенін атап өтті.
Кездесу соңында университет өкілдері «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында студенттер жатақханасы мен жаңа оқу корпусын салуға қолдау білдіруін сұрады. Қонақтар бұл мәселені өз қызмет аясында көмектесетінін жеткізді.
Қажет АНДАС





