Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында халқымыздың ұлы перзенті, ғалым әрі ағартушы Шоқан Уәлихановқа арналған жаңа мурал ашылды. Салтанатты іс-шараны облыстық Жастар ресурстық орталығы мен аудандық жастар филиалы бірлесіп ұйымдастырды, – деп хабарлайды 7-su.kz тілшісі.
Бұл мурал – тек сәндік бейне емес, жас ұрпаққа үлгі болатын рухани мұра. Қабырғадағы суреттен Шоқанның тұлғасы жарқырап, ел тарихындағы айрықша орнын айқындай түседі.
Сарыөзекке жолы түскен әрбір жан енді ауыл ортасынан Шоқан бейнесін көріп, ұлы тұлғаның өнегесіне қанығады. Жарқыраған мурал ауылға ерекше көрік беріп, тұрғындардың да рухани мақтанышына айналды.
Жастардың бастамасымен жүзеге асқан бұл игі іс – тарихымызды жаңаша қырынан дәріптеудің және Шоқандай дара есімдерді жас буынға танытудың бір жолы.





