Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұстаз – алтын діңгек: Жетісуда мұғалімдерге құрмет көрсетілді

03.10.2025
КҮНДЕРЕК
Ұстаз – алтын діңгек: Жетісуда мұғалімдерге құрмет көрсетілді

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында өткен Ұстаздар күніне орай облыстың 100-ге жуық педагогы салтанатты жағдайда марапатталды. Мерекелік кездесуге білім саласының дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан педагогикалық еңбектің ардагерлері мен мұғалімдер шақырылған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көпшілікті мерекемен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің маңыздылығына тоқталып, аймақтағы білім берудің сапасын, педагог мәртебесін арттыру үшін, білім инфрақұрылымын дамытуға және осы салада лайықты еңбек етуге мүмкіндіктер атқарылып жатқанын ерекше атап өтті. Аймақ педагогтарының жеткен жетістіктерін ескерусіз қалдырмай мұғалімдер әулеттеріне құттықтау сөз арнады. Заманауи талаптарды ескеруі тиіс аймақ педагогтары білім беру саласына жасанды интеллект технологиясын ендіру үшін арнайы AI-Sana бағдарламасы іске қосылыпты. Осыған орай мұғалімдер өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу жолында «Адал азамат» бағдарламасын және жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасының мүмкіндіктерін толық пайдалануы тиіс.

Ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсарин “Ұстазды алтын діңгекке теңер едім” деп айтқан. Расында білім мен тәрбиенің қайнар көзі, адамгершілік жаршысы, аңғарымпаз ақыл иесі – ұстаздың ел болашағын қалыптастырудағы орны ерекше. Сондықтан бүгін барша ұстаздар қауымына алғыс білдіремін! – деген Д.Есдәулетов бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Салтанатты шарада облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» медалі 100-ге жуық педагогқа табысталды. Ардагерлерге көпжылдық еңбегі үшін ақшалай сыйақы қоса тапсырылды.

Сонымен қатар, облыстық конкурстардың жеңімпаздары да марапатқа ие болды. Атап айтқанда, «Үздік балабақша» ретінде Панфилов ауданындағы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы, «Үздік ауыл мектебі» ретінде Алакөл ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектеп танылды. «Жетісу ұстазы» байқауының жеңімпазы болып Ескелді ауданындағы Н.Алдабергенов орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Анжелика Нестеренконың есімі аталса, «Үздік сынып жетекшісі» ретінде Панфилов ауданындағы Крылов орта мектебінің мұғалімі Арай Жұмабекованың аты аспандады. Жеңімпаздарға ақшалай сертификат табысталды.

Білім саласында жұмыс істеп жатқаныма 20 жыл. Қарабұлақ ауылында дүниеге келгенмін, жоғары оқу орнын бітірген соң туған жеріме оралдым. Содан бастап Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте тарих және география пәнінің мұғалімімін. Еңбегім ескеріліп, биыл «Жетісу ұстазы» байқауының жеңімпазы атанғаныма қуаныштымын. Ауылдық мектептегі білім сапасын арттыруға үлес қосып, тынымсыз еңбек етіп келеміз. Өз басым сандық платформа ойлап таптым. Оны техникалық жағынан жетілдіруге Қаратал мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Кирилл Михов көмектесті. Теңдесі жоқ платформа балалардың жазу шеберлігін жетілдіруге бағытталған. Негізінде нақты жағдайлар, яғни, текстік тапсырмалар қамтылған. Сондай-ақ, интерактивті тапсырмалар, мұғалімдерге арналған семинарлар, ҰБТ-ға дайындықтың тапсырмалары және тағы басқа қызықты тақырыптар ескерілген. Бүгінгі күні платформаны аудандағы 30 оқушы мен педагогтар қолдануда. Оның ішінде Талдықорған мектептерінің ұстаздары да бар. Бұл платформа мен оның мүмкіндіктерін одан ары дамыту, кеңейтуге ниеттіміз, — дейді Анжелика Нестеренко.

Өз пікірімен бөлісуді жөн көрген жас маман Ілияс Жексенбай:

Қазір І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ІІІ курс студентімін. Бір жылдан соң география пәнінің мұғалімі атанамын. Менің мұғалім Алма Жапарқызының оқытуымен география пәніне бала күнімнен қызықтым. Облыс әкімінің грантының арқасында енді өзім де педагог атанамын. Туған қалам Сарқанға оралып, өзім оқыған №1 мектеп-гимназияда оқушы тәрбиелесем деген ойым бар, — деп асыл арманын жайып салды.

Әріптестерін Ұстаздар күнімен құттықтаған скрипка сыныбының мұғалімі Татьяна Ольшанская:

Текелідегі музыкалық мектепте жұмыс істегеніме 40 жыл. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан еңбегім жоғары бағаланғанына қуаныштымын, бүгін маған «Еңбек ардагері» медалін табыстады. Бұл біздің кәсіби мерекемізге орай жасалған қымбат сыйлық. Барлық әріптестерімді мерекелерімен құттықтай отырып, оқу жылын табысты аяқтауларына тілектеспін! – дейді.

Оның сөзін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған облыстық дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім беру ғылыми тәжірибелік орталығының әдіскері Гүлзира Алиасқарова:

Білім саласында жұмыс істеп жүргеніме 30 жыл толады. Былайша айтқанда, бар саналы ғұмырым осы салаға арналды. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан педагогтарға ерекше көңіл бөлініп отырғаны қуантады, өйткені, еліміздің болашағы қандай болатыны мұғалімдерге тікелей байланысты. Өз басым педагогтарымыздың алаңсыз жұмыс істеуіне барлық мүмкіндік дайындап, методикалық қолдау көрсетіп отырамын, — дейді.

Естеріңізге сала кетсек, Президенттің Жарлығымен облыстағы бірқатар мұғалімге мемлекеттік марапаттар берілді. Олардың қатарында Талдықорғандағы К.Ушинский атындағы №7 мектептің мұғалімі Шырын Жұмағалиева, Сарқан көпсалалы колледжінің оқытушысы Оксана Ракитянская және Талдықорғандағы кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Ерлан Сансызбаев бар.

Салтанатты шара аясында аймақтағы білім саласының жетістіктеріне арналған көрме қойылды. Ғылыми технология жетістіктері қамтылған көрмеге қойылған 1899 жылы ашылған алғашқы «Мамания мектебінің» үлгісі көпшіліктің назарын аудартты.

Жетісу облысында жыл сайын 3 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Соңғы 3 жылдың ішінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясында 1 121 маманға жәрдемақы берілсе, 432 маман баспананы жеңілдікпен алды. Осы кезеңнің ішінде облыс әкімінің бастамасымен педагогика мамандықтарына 104 грант берілді. Ал, биыл жергілікті колледждер мен жоғары оқу орнын бітірген 251 түлек білім мекемелеріне жұмысқа алынды.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026
«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

«Күмәнді пенальти». «Жетісу» соңғы минутта жеңілді

06.07.2026
Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

06.07.2026
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.