Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«УАЙЫМ БАСҚАН АДАМДАР КӨП»: 70 ЖАСТАҒЫ ТАКСИСТ ӘЖЕНІҢ ӘҢГІМЕСІ

9 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
"УАЙЫМ БАСҚАН АДАМДАР КӨП": 70 ЖАСТАҒЫ ТАКСИСТ ӘЖЕНІҢ ӘҢГІМЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының 70 жастағы тұрғыны Айымгүл Ережепова жолаушы тасымалдап, жұмыс істейді. «Қазақпарат» тілшісі көлік тізгінінен босаған кезін пайдаланып, Айымгүл әжеймен сұхбат құрып, жұмысы жайлы сұрап білді.

— Айымгүл апа, таксист болғаныңызға қанша жыл болды?

— Алты жыл болды. Өзім Қарақалпақстаннан көшіп келгем. Сол қарақалпақ жерінде бастауыш сыныпта мұғалім болдым. Ол жақтағылар қазақ деп жақтырмады бізді. Сондай намыстанатынмын. Қазақстанға 1997 жылы көшіп келдік. Содан шалыма «керек балаңды алып сен қалсаң қал, ал мен өзіме керек баланы алып кеттім қазағыма» деп айттым. Қазақстанға 1997 жылы көшіп келдік. Базарға шықтым, сауда жасадым. Тауар тасығанда көліктен қиналдым. Содан балаларыма машина алатынымды айттым. Балаларым «жүргізе алмайсыз, оны қайтесіз» деп шықты. Айтқанымнан қайтпай жүріп бір ескі көлік алдым. Оның ақшасын зейнетақымнан ұстап қалатын болды.

— Зейнетақыңыз жететін бе еді?

— Зейнетақым қазір 70 мың теңге болды. Содан машинам тұрды. Бір күні үйде сүт бітіп қалды. Көлігіме отырдым да, сүт алып келдім. Ақырын жүргізіп бардым. Сөйтіп, отырсам бір бала «апа, ауылға дейін 50 теңгеге ала кетіңізші» деді. Ертесі ерте шығып алдым. Ол күні адам тасып жүріп, 1000 теңге таптым. Тыныш отыра алмаймын үйде. Бау-бақшаны егем, күтем. Таңның атысы кештің батысы тыным таппаймын.

— Әйелдің такси жүргізушісі болғаны қауіпті. Өміріңізге сондай қауіп-қатер төнген кезі болды ма?

— Жоқ. Мен алысқа шықпаймын. Қаскелеңге барам, базарға барам. Одан алысқа бармаймын. Біреу соғып кетуі мүмкін ғой.

— Жол ережесін бұзған кезіңіз болды ма?

— Мен көлікті қатты жүргізбеймін. Ары кетсе 60-70-пен ғана жүремін.

— Адамдардың пейілі қандай? Сіздің көлігіңізге отырған жолаушы жолақысын дұрыс төлей ме?

— Адамдардың пейілі әртүрлі. Көлігіме отырған жолаушының көңілін көтеру үшін күлдіремін, әзілдесемін. Уайым басып жүретін адамдар көп.

— 8 Наурызда өзіңіздің көңіл-күй қалай болады?

— Мерекеде әйелдер көп жүреді. Соларды тасып жүремін ары-бері. Өзім машинамен тапқан тиын-тебенімді жинап, тығып қоям, өзіме сыйлық жасаймын. Маған неге сыйлық бермейді деп балаларыма ренжімеймін.

— Әңгімеңізге рахмет!

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін, 20:13
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін, 20:05
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.