Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Утиль алымнан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр?

04.06.2024
КҮНДЕРЕК
Утиль алымнан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр?

Жаңадан тіркелген автокөліктерге салынатын утилизациялық алым салығын күшінде қалдыру немесе алып тастау мәселесі 5-шілдеге дейін толық шешімін таппақ.

Әлеуметтің өзекті мәселесіне айналған утилизациялық алым салығына наразы азаматтар арнайы петиция жариялап, жуырда салыққа қарсылар саны 50 мың адамнан асты. Заң бойынша қарсы қол қоюшылар саны белгілі бір межеге жеткенде, міндетті түрде қайта қаралатын бұл процесс туралы Сенат мінберінен де айтылды.

Жалпы, утилизациялық алым ретінде жеке тұлғалардан алынатын қаржының қайда кетіп жатқаны қалың бұқара үшін көмескі екені рас. Тек соңғы уақытта халықтың жаппай сұрау сала бастауынан кейін ғана жауапты министрлік тарапынан «отандық көлік құрастыру, ауылшаруашылғы саласы, жекелеген кәсіпорындарды қолдауға жұмсалатындығы айтыла бастады.

Парламент отырысында осы салыққа қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев утилизациялық салықтан жиналған қаражат жөнінде ақпараттың жетіспеушілігін сынға алған еді.

«Халық өздерінен жиналатын қаражаттың қайда және қалай жұмсалатынын білгісі келеді. Жиналған қаражатты компаниялар қандай мақсатта пайдаланып жатқанын білуге тиіс. Бұл мәселеде ашықтық пен жариялылық керек. Барлық мәселе осы жерден туындап отыр. Болашақта жауапты мемлекеттік құрылымдар мен бұл қаражатты жұмсап жатқан компаниялар толық ашықтықты қамтамасыз етеді деп сенеміз», – деді Сенат төрағасы.

Халықтың сұрауы мен биліктің сынына жедел жауап қатқан ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың уәжі қоғамды қанағаттандырмады.

«Утилалымнан түскен қаражатқа бүгінгі таңда автомобильге арналған дөңгелектер мен шиналар, пластикалық автобөлшектер шығарылады. Кәсіпорындардың мүддесін қорғау – менің тікелей міндетім. Лоббизм жасады деу орынсыз. Отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасауымыз керек», – деген еді министр Шарлапаев.

Алайда, Қазақстанда жасалған автодөңгелектер мен пластикалық автобөлшектерді еліміздің базарлары мен автодүкендерінен кездестіру неғайбыл. Министр айтып отырғандай қажетті бұйым шығаратын отандық зауытқа осы күнге дейін утиль алымнан түскен қаражат инвестиция ретінде салынып келсе, қазір ондай өнеркәсіп брендке айналатын уақыты болды. Базарлар мен дүкендерден сапасы нашар қытай өнімдері алынып тасталуы керек еді ғой?!

Өнекәсіп және құрылыс министрі бір сөзінде утилалымға қарсы альтернативалық петиция пайда болса, яғни, отандық өнеркәсіп пен өндірісті қолдаушылардың да қарасы мол екенін, егер олар да 50 мың қол жинаса, талаптарының ескерілетіндігін алға тартты. Бұл дегеніміз, утиль алымнан түскен қаражаттың жұмсалып жатқан жерін анықтаумен қатар, отандық өнеркәсіпті қолдаған болып, «аталмыш салықтың одан әрі салына беруін қолдайтын топ та бар» дейтін пікір қалыптастыруға күш салынуы мүмкін деген сөз.

Сонымен, 24 мамыр мен 5 шілде аралығын қамтитын утиль алым тағдырын шешетін процес кезінде арнайы жұмыс тобы құрылады. Оның құрамына мемлекеттік тиісті органдардың мүшелері, қоғамдық ынталы топ өкілдері кіргізіледі. Жұмыс тобы өңірлерге шығып, халықпен кеңес өткізуді жоспарлап отыр. Қажет болса зауыттар мен кәсіпорындарда болып, утиль алымнан түскен қаражаттың жұмсалып жатқан жерін де көрсетпек. Комиссия жұмысы қорытындыланған кезде министрлік қоғамдық талқылау өткізеді.

Қалай болғанда да, биылғы жаз утиль алымның мәселесі біржақты шешілуге тиіс. «Біржола алынып тасталады» дегенге толық сенім жоқ. Алайда салық көлемі жұмсартылуы мүмкін деп топшылаймыз. Аталмыш салық отандық автоөндірісі жоқ, шетелге шикізат шығарумен ғана шектеліп отқан елдің азаматтары үшін әжептеуір салмақ екені де рас. Қоғамдық талқылау барысында баламалы жол табылмаса, күзгі саяси кезеңде қоғамда белсенділік артары сөзсіз.

Дереккөз: inbusiness.kz 

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.