Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қытайдан көлік сатып әкелмек болған азамат ақшасынан айырылды

25 ақпан 2025
КҮНДЕРЕК
Қытайдан көлік сатып әкелмек болған азамат ақшасынан айырылды
WhatsAppTelegramFacebook

Қытайдан көлік сатып алмақ болған Жетісу ауданының тұрғыны валюта айырбастау пунктінен 47 300 АҚШ долларын сатып алған.  Бұл ақша «Нұр жолы» өткізу бекетінде кедендік тексеру кезінде оның қол жүгінен табылған.

ҚР Жоғарғы сотының мәліметінше кеден заңнамасына сәйкес азамат 10 мың АҚШ долларынан аспайтын ақша алып жүруге құқылы. Осы шектен асатын сомалар міндетті түрде жазбаша декларациялануға жатады.

Жетісу облысының Панфилов аудандық соты тасымалданған ақшалай қаражатты рұқсат етілген мөлшерден асырып жіберген құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс материалдарын зерделей келе, оның осы соманың жартысы екі досқа тиесілі екендігі туралы түсініктемелерін есепке алмаған, себебі бұл туралы дәлелдемелер ұсынылмаған.

Құқық бұзушының құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, тауарларды және олар бойынша құжаттарды ұстау актілерімен, түсіндірмелермен, кедендік тексеру хаттамаларымен, бейне жазбалармен және басқа да іс материалдарымен расталады.

Сот құқық бұзушының кінәсін мойындамауын қорғау және әкімшілік жауапкершіліктен жалтару құралы ретінде қарастырды.

Сот куәлардың айғақтарына сыни көзқараспен қарады, өйткені олар құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды көздеген. Сондай-ақ қаражатпен ұсталған күннен бастап іс сотта қаралғанға дейін куәгерлердің ешқайсысы өздерінің мүліктік құқықтары мен мүдделерінің бұзылғаны туралы билік органдарына немесе сотқа шағым түсірмеген.

Құқық бұзушының рюкзактарынан 47 300 доллар табылғаны дау туғызбайды. Жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Ұлттық банктің мәліметінше, заңбұзушылық орын алған кезде АҚШ долларының бағамы 484,19 теңге болған.

Құқық бұзушылықтың сипаты мен белгіленген мән-жайларды ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза – мемлекет пайдасына 37 300 АҚШ доллары тәркіленіп, 4,5 млн теңге айыппұл салынды.

Міндетті декларациялау шегінен аспайтын 10 000 АҚШ доллары құқық бұзушыға — иесіне қайтарылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.