Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жаңа Қазақстан қашан орнайды» – депутат Зайытов, Сарым мен Мұқаев не деп жауап берді

26 желтоқсан 2024
КҮНДЕРЕК
«Жаңа Қазақстан қашан орнайды» – депутат Зайытов, Сарым мен Мұқаев не деп жауап берді
WhatsAppTelegramFacebook

«Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру» деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан еді. Бұдан кейін «Жаңа Қазақстан» құру ұраны ел ішінде көп айтылды. Парламент төрінде де депутаттар Қазақстан жаңаруы керектігін айтып ұрандатты. Осы орайда Qaz365.kz тілшісі депутаттардан Парламенттің «Жаңа Қазақстанды» орнатуға қаншалықты атсалысқанын сұрап көрді.

Ринат Зайытов не деді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың пікірін білген едік. Оған «Жаңа Қазақстан деп көп айттыңыздар. Жаңа Қазақстан қаншалықты орната алдыңыздар» деген сұрақ қойылды.

«Айттыңыздар деп мені қоспаңыз (Жаңа Қазақстан деп айтқан депутаттардың ішінде). Мен баяғыдан айтқанмын. Қазақстанда бір-ақ Қазақстан бар. Ол ескі де, жаңа да болмайды», — деді Зайытов.

Депутат жыл қорытындысы бойынша айтуға тұрарлық нәтижелерді бөлісті. Оның сөзінше, нашақорлық пен ойынқұмарлықпен күресуден бастап, Түркістан қаласының статусы туралы қабылданған заңның да, жалпы жекелеген депуттаттық сауалдар арқылы болған қозғалыстардың да және спорт туралы заңды да ерекше атап айтуға болады. 

«Өткендегі мәденеиет туралы заңдағы білім беру саласындағы өзгерістердің барлығы – қазіргі халықтың игілігіне жұмыс істейтін заңдар. Егер олар қолданысқа енсе…», — дейді депутат Заитов.

Айдос Сарым қысқа қайырды

Ал депутат Айдос Сарым «Жаңа Қазақстан» деген ұғым мақсатқа жеткен кезде орнайтын мәдениет деп қысқа қайырды.

«Жаңа Қазақстан календарлық уақытпен орнай қоятын қыс немесе жаз деген нәрсе емес қой. Біздің бәріміздің діттеген мақсатымызға жеткен кезде орнайтын ұғым, мәдениет», — дейді Сарым.

Дәулет Мұқаевтың пікірі

Бұл тақырып төңірегінде жеке мандатты округ бойынша сайланған депутат Дәулет Мұқаевтың да пікірін білген едік. Ол Қазақстанды жаңасы, ескісі деп бөлуге болмайтынын айтты.

«Мен айтқан жоқпын. Мен барлығымыз бір Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз деп үнемі айтатынмын. Ол жерде ешкім бізге шекараны мына деңгейден ана деңгейге өтіп кетесің деп айтпайды. Сондықтан барлығымыз бір елде өмір сүреміз. Қазақстанның дамуына, өсуіне әрқайсымыз өзіміз үлес қоса беруміз керек. Абай атамыздың мен жиі айтатын сөзі бар ғой. «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» дейді. Әрқайсымыз Қазақстанның бір кірпішіміз. Бұл жерде Қазақстанды бөліп алатындай жаңасы, ескісі деп айтуға келмейтін сияқты. Бірақ әрқайсымыз елдің гүлденуіне мүдделіміз», — деді Мұқаев.

Коллаж Qaz365.kz 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.