Талдықорған: +5°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ОТШАШУ КЕЗІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК? ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

31 желтоқсан 2021
КҮНДЕРЕК
ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ОТШАШУ КЕЗІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК? ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының төтенше жағдай қызметкерлері пиротехника бойынша рейд жүргізді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу, сондай-ақ, пиротехниканы пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін халыққа жеткізу.

Рейд барысында тұрғындар арасында пиротехникалық құралдарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдын алу іс-шаралары бойынша сауда орындарында сатушыларға нұсқаулықтар таратылды, пиротехникалық бұйымдар, сәйкестік сертификаттары, өрт сөндіргіштердің жарамдылығы тексерілді.

Бір апта ішінде облыста 90 рейдтік шара жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 782 нұсқама өткізілді, 1250 профилактикалық жадынама берілді.

Естеріңізге сала кетейік, пиротехниканы лицензиясы болған жағдайда ғана сатуға болады, әйтпесе, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Материал қарау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі. Осындай құқық бұзушылық үшін 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 72925 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Азаматтар арасында жарақаттану фактілерін болдырмау үшін Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті пиротехникалық өнімді міндетті түрде өнімге лицензия мен сертификат бере отырып, оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда сатып алуды ұсынады.

«Қауіпсіз Жаңа Жыл» акциясы аясында Ескелді, Талғар аудандарының төтенше жағдайлар бөлімі де жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп, орталық базар мен сауда үйлерінде рейдтік іс-шара өткізді.

Сонымен, петардалар, фейерверктер, бенгал оттарын сатып алу кезінде неге назар аудару қажет?

Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын көру керек, пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу керек. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз: егер өнім мерзімі өтіп кетсе, оны ешқандай жағдайда қолдануға болмайды. Қаптама бүтін, жыртылмаған болуы керек. Пиротехниканы іске қосқан кезде темекі шегуге қатаң тыйым салынады.

Көлік жанында петардаларды атуға болмайды. 50 метр радиуста өртке қауіпті объектілер болмауы тиіс. Көрермендер фейерверктің іске қосу алаңынан 15-20 метр қашықтықта тұруы қажет. Жел оларға түтін мен бұйымдардың жанбай қалған бөліктерін шашпауы тиіс.  Ол үшін міндетті түрде көрермендер жел жағынан болуы тиіс. Бұйымды қолдан іске қосуға жол берілмейді.

Жанғыш зат бар жерде ашық отты пайдалану ұсынылмайды. Бенгал — бұл ашық от. Шыбықтың температурасы 2 мың градусқа жетеді. Сондықтан, оны жанғыш материалдардан алыс пайдалану керек. Пиротехниканың кез келген түрі адам денсаулығына елеулі зиян келтіретін қауіпті құрал екенін есте сақтау қажет.

Пиротехникалық заттар өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, қоймаларда сақталуы керек, олар ішкі істер органдарында тіркелуі керек. Пиротехниканы оның сақталуы үшін жағдайлар бар жерде ғана сатуға болады, оған тікелей күн сәулесінің, жаңбырдың немесе қардың түсуіне жол берілмеуі қажет.

Мереке күндері қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін отшашулар мен петардаларды тек дүкендердің мамандандырылған бөлімдерінде ғана сатып алу керек, ешқандай жағдайда оларды базарларда сатып алмаған жөн. Температуралық режимдердің сақталмауына байланысты пиротехника қолда жарылуы мүмкін. Сапасы күмәнді тауарды сатып алмаңыз, қажетті сертификаттарды талап етіңіз, қазақ және орыс тілдерінде жасалған бұйымдарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз. Қаптамадағы ескерту жазбалары қаріппен белгіленуі тиіс, «Назар аударыңыз!» сөзімен белгіленгені абзал.

Сізге қауіпсіз жаңа жылдық көңіл-күй тілейміз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз!

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.