Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ҮДЕРІС БАСТАУЫ

25.02.2025
КҮНДЕРЕК
ЖАҢАШЫЛДЫҚ – ҮДЕРІС БАСТАУЫ

Жетісу университетінде «Университет пен колледждердің ғылыми-зерттеу және практикалық қызметін интеграциялау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, басқарма басшылары және колледж директорлары қатысты. Шара шеңберінде облыстағы кадр қажеттілігінің өңірлік картасы таныстырылды.

Жиынды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, сөз бастады. Ол қазіргі таңда кәсіби мамандар цифрлық платформаларда қызмет етіп жүргенін анық айтты. Сол сияқты түрлі мекемелермен келісе отырып колледж деңгейіндегі оқу бағдарламаларын жоғары оқу деңгейіндегі оқу бағдарламаларымен ұштастырып,  сәйкестендіріп жатқанын сөз етті.

«Дөңгелек үстелге» қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, «Мамандығым – болашағым» кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов заманға қажетті мамандық бойынша өз пікірлерін білдірді. 

Тұсауы кесіліп отырған картада өңірдегі өнеркәсіп, қайта өңдеу, элек-трификация, мұғалімдік, технология мен ауылшаруашылығына бағытталған мамандар тапшы екені көрсетілген. Кадр тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған алғашқы атлас жаңа кәсіптер мен құзыреттерге егжей-тегжейлі шолу жасауға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

– Жетісу университетінің базасында 2023 жылы өңірлік жобалық кеңсе құрылып, университет қызметкерлері форсайт-зерттеу курсынан өтті. Олар Жетісу облысында кадр тапшылығының өңірлік картасын әзірлеп, өңірге қажетті бес бағытты анықтады. Жұмысшы мамандықтар өңірдің дамуына, экономиканың артуына үлкен септігін тигізеді. Соңғы жылдары көп мамандықтарды жоғалтып алдық. Қазір қоғамға жаңадан келіп жатқан мамандықтар бар, жасанды интеллект сияқты. Технология дамып жатқан заманда бізге содан қалыспай, жаңа мамандарымызды даярлап, өңірге қажетті мамандарды дайындауымыз қажет, – дейді І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев.

Аталған атлас білім беру бағдарламаларын дәл жоспарлауға, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесін бейімдеуге, сондай-ақ, өңірдің экономикалық өсуі үшін маңызды салаларды жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.