Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Жаңбыр жауса, жертөле суға толады»: Талдықорғандағы тұрғын үйлердің сапасы сын көтермей тұр

31.01.2025
КҮНДЕРЕК
"Жаңбыр жауса, жертөле суға толады": Талдықорғандағы тұрғын үйлердің сапасы сын көтермей тұр

Талдықорғанда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мәселен, былтыр ғана пайдалануға берілген үйлердің жылу және электр желілерінен ақау шыққан. Жауын жауса қабырғамыз су болады, аяз болса тереземіз мұз болады деген тұрғындар жауаптылар күнде ертеңмен мезі қылды деп отыр.

Баспананың жертөлесінен шатырына дейін шикілігі көп дейді көпшілік. Бұл «Құлагер» шағын ауданындағы үш көпқабатты үйдегі жағдай. Қасбеті жылтырап тұрған баспаналардың «сырты бүтін, іші түтін». Дәліздердегі электр сымдары балқып, есептеуіш құралдары жанып жатыр. Қызыл жалынның құрсауында қаламыз ба деп үреймен отырған тұрғындар мұнда өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған дейді.

Бұл баспана былтыр ғана берілген. Алайда жаңа үйдің жан-жағынан кедейдің шапанындай жел үрлеп, суық соғып тұр. Осында тұрып өсіп-өнеміз, көгеріп көктейміз деген пәтер иелерінің назары әзірше қабырғада ғана. Себебі, керегелері көгеріп жатыр.

Сонымен қатар жаңбыр жауса жертөле суға толып, жылу, су құбырлары жарылады дейді жұрт. Тұрғындар олқылықтың бәрін тізіп шенеуніктерге жүгінген. Әзірге нәтиже жоқ.

Бұл үйлерді тұрғындар ұзақ жыл кезекте тұрып, 2-5 пайыздық мөлшерлемемен ипотекаға рәсімдеген. Ал қалалық құрылыс бөліміндегілер баспаналарды бізге дейін жұмыс істеген мамандар қабылдап алған деп ат тондарын ала қашты. Соған қарамастан мәселенің шешу жолын қарастыруға уәде берді.

«Құрылыс кезінде қателіктер болған шығар. Қабылдаған адамдар дұрыс қабылдамаған шығар. Бізде қазір бәрі жаңа адамдар. Талаптарын мердігерлер келіп сөйлесуіміз керек. Бір шешімге келеміз деген үміттеміз», – деді Талдықорған қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Бекнұр Алиакбар.

Алайда, тұрғын үйдің сапасына көңілі толмаған тұрғындар құзырлы органдар тексеріс жүргізіп, құрылыс талаптары қаншалықты сақталғанын анықтасын деп отыр.

Фото: tinfo.kz 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.