Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа Конституцияның бағдары – қауіпсіз, сапалы әрі қолжетімді медицина

8 шілде 2026
КҮНДЕРЕК
Жаңа Конституцияның бағдары – қауіпсіз, сапалы әрі қолжетімді медицина
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттар адамның өмірі мен денсаулығын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындап, денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктейді. Бұл – медициналық қызметтердің қауіпсіздігін жүйелі түрде арттыруға, көрсетілетін көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге және халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құқықтық негіз.

Конституциялық нормалардың жаңаруы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне де тың серпін беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Жетісу облыстық кардиология орталығы аталған жоғары талаптарды орындауға толық дайын екенін атап өткім келеді. Біздің ұжым халықаралық деңгейдегі сапа стандарттарын енгізуді, тәуелсіз аккредиттеулерден тұрақты өтуді және заманауи медициналық технологияларды тәжірибеге енгізуді күнделікті жұмыстың басты бағыты ретінде қарастырады.

Соңғы жылдары орталығымызда жоғары технологиялық медициналық көмектің ауқымы айтарлықтай кеңейді. Аз инвазиялық емдеу тәсілдері, күрделі әрі бірегей кардиохирургиялық операциялар мен цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Сонымен қатар әлемнің жетекші медициналық орталықтарының озық тәжірибесін зерделеп, оны өңір тұрғындарының игілігіне жаратуға басымдық беріп отырмыз. Мұның басты мақсаты – бұрын тек ірі республикалық клиникаларда ғана жасалатын жоғары технологиялық медициналық көмекті Жетісу жұртшылығына өз өңірінде қолжетімді ету.

Биыл орталығымыздың мамандары жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқасқа алғаш рет LVAD құрылғысын сәтті имплантациялады. Бұл – Жетісу облысының денсаулық сақтау саласы үшін тарихи маңызы бар оқиға. Өңір тұрғындары енді осындай күрделі кардиохирургиялық көмекті алу үшін еліміздің жетекші медициналық орталықтарына бармай-ақ, өз облысында ем қабылдай алады.

Жыл соңына дейін жоғары технологиялық медициналық көмектің 20 түрі бойынша 540-тан астам операция жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғындарға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің көлемін арттырып қана қоймай, оның сапасы мен қолжетімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесін ғылымнан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан біздің стратегиялық бағытымыз – ғылыми-зерттеу қызметі мен клиникалық тәжірибенің өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету. Әрбір ғылыми жаңалық, патент немесе инновациялық әзірлеме уақыт оздырмай тәжірибеге енгізіліп, науқастардың игілігіне қызмет етуі тиіс. Ал күнделікті тәжірибеде кездесетін әрбір күрделі клиникалық жағдай медицинаны дамытуға негіз болатын жаңа ғылыми ізденістерге жол ашуы қажет.

Жаңа Конституция айқындаған мызғымас қағидаттарға сүйене отырып, медицина қауымдастығы елімізде адам өмірі мен денсаулығын ең жоғары құндылық ретінде бағалайтын қуатты әрі прогрессивті мемлекет қалыптастыру ісіне өз үлесін қоса береді деп сенемін. Бұл – әрбір дәрігердің кәсіби борышы ғана емес, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігі.

Нұрсан СҰРАШЕВ
Жетісу облыстық кардиология орталығының директоры

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Бүгін, 20:06
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Бүгін, 19:43
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Бүгін, 19:39
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Бүгін, 17:50
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Бүгін, 17:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.