Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жастар сыйлығы табысталды

13.08.2025
КҮНДЕРЕК
Жастар сыйлығы табысталды

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Халықаралық жастар күні қарсаңында облыс орталығында көңіл төрін қуаныш кернеген салтанатты сәт орын алды. «JetFlow» онкүндігі шеңберінде облыс әкімінің дәстүрлі «Көшбасшы – 2025» жастар сыйлығы иелерін тапты. Бұл мәртебелі марапат ел ертеңіне дем беріп, өңірдің өрісін кеңейтіп жүрген өрелі жастардың еңбегіне берілген бағалы құрмет.

Биылғы дода 12 түрлі аталымды қамтыды. Оның ішінде тұңғыш рет «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясы енгізіліп, еңбек майданында тер төгіп жүрген жас мамандарға да жол ашылды. Жеңімпаздарды облыс әкімі атынан орынбасар Диас Есдәулетов құттықтап, жастық жігерін ел игілігіне арнаған азаматтарға ақ жол тіледі.

Салтанатты жиында өңірдің мәдени, рухани, әлеуметтік өркендеуіне із қалдырған жас тұлғалар көпшілікке таныстырылды. Мәселен, 500 келінді қамтыған «Жетісудың үздік келіні» жобасының авторы Арайлым Әлімжанова «Үздік жас қоғам белсендісі», талдықорғандық кондитер Жазиля Темірбекова «Үздік жас кәсіпкер» атағын иеленді.

Сондай-ақ, облыстық «Jetisý» газетінің саясат және құқық бөлімін он жылдан бері абыроймен басқарып келе жатқан Айдар Қалиев «Үздік жас журналист», ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы Әлихан Әскербай «Үздік жас спортшы» атанды. Ал «Х-фактор» жобасының финалисі, бірнеше халықаралық және республикалық өнер бәйгесінің жеңімпазы, облыстық филармония әншісі Ақбота Сабыржанова «Мәдениет саласының үздік жас көшбасшысы» болып танылды.

Тұңғыш рет тағайындалған «Үздік жас жұмысшы маман» атағына Ақсу қант зауытының төрт жылдан бері адал қызметкері Аруна Кенжеханова лайық деп табылды:

– Еңбегімнің еленуі – мен үшін үлкен мәртебе. Әр жұмысшының маңдай тері бағаланса, бұл – болашаққа сенім береді, – деді.

Ал Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының лор-дәрігері Темірлан Қылышбеков «Медицина саласының үздік жас көшбасшысы», Ақсу ауданындағы «Абубек» шаруа қожалығының басшысы, көп балалы әке Елдос Әбубеков «Ауыл шаруашылығы саласының үздік жас көшбасшысы» атанды.

«Үздік студент» номинациясының иегері Анель Байділдә биыл үшінші курсқа аяқ баспақ. Ол академиялық ұтқырлық бағдарламасымен алты ай Малайзияда білімін жетілдіріп, халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы атанған.

Әр жеңімпазға арнайы статуэтка, диплом және сертификат табыс етілді. Бұл марапат бір ғана жекелеген еңбектің емес, тұтас бір ұрпақтың өршіл рухының айғағы. Осының дәлелі болған «Үздік жас журналист» Айдар Қалиев:

– «Jetisý» газетінде он жылдан бері өңірдің тынысын жазып, елдің үні болуға тырыстым. Өлкенің өркендеуі жолында қаламымнан туған әр жол – менің азаматтық борышым, – деді.

Айта кетер жайт, бүгінде Жетісу облысында 14 пен 35 жас аралығында 200 мыңға жуық жас бар. Солардың ішінен 100-ден астам талапкер бақ сынап, үздіктері оза шапты.

Бұл игі дәстүр – жас буынның жігерін жандырып, отансүйгіштік рухын асқақтата түсетін қастерлі қадам. Өркениет өріне ұмтылған осындай өрелі ұрпақ – ел болашағының нұрлы кепілі.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Қазақстанда соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізілді»

Президент: «Қазақстанда соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізілді»

01.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

01.09.2026
Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

01.09.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

01.09.2026
Рудничныйда жаңа мектеп ашылды

Рудничныйда жаңа мектеп ашылды

01.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.