Талдықорған: +7°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жазылған жайдың жаңғырығы: Өмірге бейімдеу керек

12 желтоқсан 2023
КҮНДЕРЕК
Жазылған жайдың жаңғырығы: Өмірге бейімдеу керек
WhatsAppTelegramFacebook

азақ жастарының білімі терең, мақсаты айқын болғаны жөн. Олар замана көшіне ілесіп қана қоймай, сол көштің көшбасына айналуы керек-ақ. Олай болса олардың білімін бүгіннен қадағалауымыз қажет. «Jetisy» газетінің тілшісі Қажет Андастың «Оқулықтағы олқылықтар» мақаласын оқығаннан кейінгі ойымды ортаға салғанды дұрыс көріп отырмын. 

 

«Қытайда бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері, еңбек, музыка пәндері 2 сағат, 6-9-сыныптарда аптасына 4 сағат, 10-11-сыныптарда аптасына 6 сағаттан, ал, 12-сыныпта бір сынып үш топқа бөлініп 6 сағат білім алады екен. Осындай еңбек пәнінің арқасында қытайлықтар өндіріс саласында ең белсенді болып отыр», – дейді автор. Өте орынды! Баланы жастан түрлі мамандыққа дайындау мектеп қабырғасында басталады. Ал Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп дамымай  отырғанының себебі осында деп ойлаймын. Біздің елде ұл балалар үшін спорт комплекстері, спорт алаңдары баршылық. Ал, қыз балалар тасада қалып тұр. Қыз бала болашақта бір-бір үйдің тәрбиешісі. Олар мектептен еңбек сабағында айтарлықтай бір нәрсе үйренеді деп айта алмаймын. «Қыздарымыз көркем еңбек пәнінде бисермен, дәндермен аппликация жасап уақыт өткізеді», – дейді ата-аналар. Кей мектептерде тігін машинасы да қолжетімді емес. Осындайдан барып балаларымыз еңбекке қырсыз болып барады. Осы мәселені Гөзел Құлжабаева қызымыз да айтып жүр. Иә, мектеп бітірген қыздарымыз «Көк ине» десем де болады. Менің мамандығым математик болғанымен сағат жетпей осы еңбек пәнінен көп жыл сабақ бердім. Сондықтан маған бұл мәселе өте таныс.
«Ұлдар мен қыздар технология сабағында бөлек оқытылса…» дейді автор. Көп жерде солай да шығар. Алайда, «Менің қызым он жыл мектеп қабырғасында жүргенде қандай өнер үйреніп шығады екен?» деп толғанып жүрген ананы көрмедім. «Білімді де, тәрбиені де мектеп береді» деген түсініктен әлі арыла алмай жүргендер қаншама. Өз білімдерін де қаншалықты көтеретіні беймәлім ата-ананың қызының болашағына бейжай қарайтынына налимын.

Қыз –  болашақ ана. Ол шұлық тоқып, жеңіл-желпі киімдерді тігуді, көрпе жасауды мектепте біліп шықса, шіркін. Осыларды үйрену үшін он жыл керек емес. Көңіл қойса екі-үш айда меңгеруге болады. Осы орайда айтар ұсынысым, мектеп жанында кішігірім шеберхана болса, бос уақытында тігін үйренсе, зейнеткер ата-аналардан көмек сұраса.  Бұл – бірінші мәселе. 

Орыс мектептерінде қазақ тілі, қазақ мектептерінде орыс тілі мен ағылшын тілінің деңгейі мәз емес екені жазылып та, айтылып та жүр. «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» дейді жетпіс тіл білген Әбу-Насыр әл-Фараби. Олай болса ағылшын тілі мен орыс тілінен неге үркеміз? Ал өз ана тілімен қатар өзге тілді білу – өнер емес пе?  Әлемде ағылшын тілі 67 елдің мемлекеттік тілі, 27 елдің екінші тілі. Әлемде бір миллиардтан астам адам ағылшын тілінде сөйлейді екен. Жаңа тілді үйрену мидың қуатын арттырады. Ұйқыда жатқан клеткалар жаңа нәрсе үйренгенде ғана оянып жұмыс істейді екен.

Тіл үйрену мәселесі ауылды жерде өте күрделі. Жастардың ауылдан қалаға көшіп жатуының бір себебі – ауыл мектебінің білім сапасы төмен бе деп ойлаймын. Ауыл мектептерінде шет тілін үйренудің қиындығының себебі, ағылшын тілі мұғалімі күнтізбелік жоспар бойынша әр тақырыпқа екі сағатын арнап үстірт өтіп кете береді. Ол тілді үйретуге үйдегі ата-ананың көмегі жоқ деуге болады. Бала сабақта естігенін үйге жеткенше ұмытады. Репетитор жалдауға көбінің мүмкіндігі жоқ. Және ауылда маман тапшы. Шет тілін 3-сыныпта бастағанның өзінде 7-8 жылда жеті-сегіз сөйлем білмей мектеп бітіреді. Өзімнің немеремнің жағдайы осындай.

Менің ұсынысым, балалар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлесетін кабинет болса, сабақтан тыс уақытта күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздермен ауызекі тілде сөз саптап әңгімелессе жөн болар еді. Сонымен қатар, ұстаздар мектепте сабақтарын ойын түрінде өткізсе екен. Олар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлеспесе еш уақытта оны үйренбейтіні шындық емес пе? Ауыл балаларының тіл білмеуіне 30 пайыз мұғалім, 30 пайыз ата-ана, 30 пайыз өзі кінәлі болса, 10 пайызы оқулықтан деп айтар едім. Осындай мәселелермен ата-аналар комитеті айналысса деген тілегіміз бар.

Қазақ журналистері осындай өзекті мәселені көтергенде өзгелері соған ой-пікірін қосса ғой. Зейнеткер мұғалімдер де атсалысса, жанашырлық білдірсе, осы мәселелер қазақ мектептерінің бәріне қатысты екені рас. Мұндайда ата-аналар да өз ойларын ортаға салса. «Сен тимесең мен тимен, бадырақкөз» демей, балаларымыздың болашағы үшін тың идеяларды қолдайтын орталықтар керек. Әлде олар бар ма? Болса қайда?!

Нұрбүбі САТЫБАЙ,
зейнеркер ұстаз,
Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі
Фото: zakon.kz 

Қатысты жаңалықтар

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Балқаш пен Алакөлге 11 млн балық шабағы жіберіледі

Бүгін, 12:54
Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Мемлекет басшысының жолдауы Жетісу облысында қалай жүзеге асырылуда?

Бүгін, 12:35
Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Несие төлемін азайтуға кімдер құқылы және ол үшін не істеу керек?

Бүгін, 11:57
Дін және мемлекеттік қызмет

Дін және мемлекеттік қызмет

Бүгін, 11:40
Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Бүгін, 11:18

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.