Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Желідегі жүгенсіздік

25.01.2026
КҮНДЕРЕК
Желідегі жүгенсіздік
WhatsAppTelegramFacebook

«Әдепті бала – арлы бала». Осы бір-ақ ауыз сөз біздің бойтұмарымыз болды десек, артық айтқандық емес. Алайда соңғы кездері біз әдептің ауылынан біршама ұзап кеткендейміз. Оған күнделікті жасы да, жасамысы да көріп жүрген әлеуметтік желідегі әдепсіздіктер дәлел.

Бүгінде TikTok әлеуметтік желісіне түрлі видео түсіріп, жүктейтіндер саны артты. Бәріне топырақ шашпаймыз. Десе де санаулы секундтан тұратын қысқа да нұсқа видеоконтенттер боқтықпен басталып, ұятсыз сөзбен аяқталады. Ал осындай бейәдеп пікірден тұратын шулы, даулы контент иесі көпшілікке тез танымал болады. Кейін бұған пікір қалдыратындар да көбейеді. Бірі бұл ісін мақтаса, екіншісі даттайды. Нәтижесінде мәнсіз, мағынасыз видеоның қаралымы артып, «үздіктер» қатарына қосылады. Өкінішті…

Ал тәрбиелік мәні бар, көрген адамға терең ой салатын дүниелердің көптің ықыласына бөленуі екіталай. Себебі, бірнеше видеоларды қарап, қаралымын, пікірін салыстырып та көрдім. Нәтижесі біз күткендей болмады. Қысқа ғана ақпаратты оқуға, көруге үйренген көпшілік бір минуттан асатын мағыналы ақпаратқа я болмаса видеоконтентке уақыт құртқысы келмейді. Көпшілік мән-мағынасыз болса да «танымал» дүниені ғана көруге дағдыланған. Осылайша пайдалы дегеніміз, пайдасыздың көлеңкесінде қалып келеді.

Қазір әлеуметтік желілерде артық айтылған сөздер мен дөрекі пікір де көбейді. Көпшілігі адамды сынауға, қорлауға, балағаттауға әуес. Тіпті, бір ортада отырып айтылған әңгімені болмаса біреудің жеке өмірін әлеуметтік желіге жариялайды. Бұл тек адамның жеке басына ғана емес, жалпы қоғамға зиянын тигізеді. Сондықтан әлеуметтік желіде пікір білдіру үшін әдептен аттамаған жөн. Өйткені Заң интернеттегі әдепсіздікті жазалауды талап етеді. Егер «ауыз өзімдікі» деп кеңінен көсілген болсаңыз Заң алдында жауап беруге тура келеді.

Жастардың кумиріне айналған кейбір блогерлер танымал болу жолында әдеп пен мәдениетті екінші орынға ысырып жатады. Қаралым мен жазылушы санын арттыру үшін әдейі арандатушылыққа барып, балағат сөз қолданып, дау тудыратын контент жариялайды. Мұндай әрекеттер қысқа мерзімде танымалдық әкелгенімен, ұлттық құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Өкінішке қарай, олар үшін жауапкершіліктен қарағанда рейтинг маңызды рөл атқарады.

Халық арасында «аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген сөз бар. Яғни ауыздан шыққанға дейін сөз адамға тәуелді болады. Ал, айтылғаннан кейін орындары ауысады. Қысқасы, кез келген адам әрбір жазған сөзі үшін жауап береді. Бұл – сөз бостандығын шектеу емес, жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың бір жолы. Әлеуметтік желідегі тәртіп пен әдепті сақтау тек заң талаптары арқылы ғана емес, әр адамның ішкі жауапкершілігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан да айтатын сөзге, жазатын ойға аса сақтық қажет. Десек те әдеп сақтау, ардан аттамау, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету деген біздің қанымызға сіңген адами қасиетіміз, жазылмаған ережеміз бар емес пе?! Сөз киесін де естен шығаруға болмас. Ал, сіз қалай ойлайсыз, ойлы оқырман?

Айдана АМАНЖОЛҚЫЗЫ
ЖУ студенті

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.