Талдықорған: +11°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕМІС ИНДУСТРИЯСЫ: СИВЕРС АЛМАСЫНЫҢ СЫРЫ

24.05.2019
КҮНДЕРЕК
ЖЕМІС ИНДУСТРИЯСЫ: СИВЕРС АЛМАСЫНЫҢ СЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы жабайы жеміс-жидек пен өсімдік түрлеріне бай. Мұндағы жабайы Сиверс алмасы өте бағалы, әлемдік мәні зор генетикалық қор болып саналады. Табиғи саябақ аумағындағы жабайы Сиверс алмасы саябақтың жалпы жер көлемінің 3800 гектар аумағын қамтиды.

Жабайы алмалар Жоңғар Алатауында 48,8 пайыз, Іле Алатауында 25,4 пайыз, Қаратауда 12,1 пайыз, Талас Алатауында 11,7 пайыз, Тарбағатайда 2 пайыз кездеседі. Сондай-ақ, олар Қазақстаннан тыс Қытайдың батыс бөлігі мен Орта Азияның оңтүстік тауларында (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) таралған. 1793 жылы орыс ботанигі Иоганн Сиверс Үржар өзенінің аңғарларындағы орман ішінде өскен жабайы алмаға бірінші болып сипаттама жазған.

1929 жылы орыстың ұлы ғалымы Н.Вавилов Орталық Азияға экспедицияға шығу барысында Қазақстанның оңтүстік шығысын жабайы алма мен өріктің орталығы деген болжам айтты. Кейін бұл болжам шындыққа айналып, академик Аймақ Жанғалиевтің, сондай-ақ, оның көптеген шетелдік әріптестерінің көп жылдық еңбегінің нәтижесінде Қазақстанның жабайы алмасы (Сиверс алмасы) біздің ғаламшардағы алма өсімдігінің атасы екені дәлелденді.

Сиверс алмасы әдетте ұсақ топырақты, сирек қиыршық тасты беткейлер мен шатқалдарда, өзен аңғарлары мен жалпақ жапырақты, аралас, сирек қылқан жапырақты ормандарда, тау етектерінен бастап, таудың жоғары белдеулерінде өседі. Тұқым және вегетативті жолмен (түбірөркен) көбейеді. Биіктігі орташа 8 м., сирек 10 м. жететін, қабығы қоңыр-сұр, сүлбесі жалпақ ағаш. Шамамен 12 жылда жеміс бере бастайды, тіршілік ұзақтығы 150 жыл шамасында. Тереңге 3,5 м., жан-жағына 10-12 м. тармақталып кететін тамырлары топыраққа мықтап орналасады. Алма ормандарында микроклимат жақсарады. Температура мен топырақтың тәуліктік өзгерісі бірқалыпты реттеледі, топырақтың ауа және су режимі жақсарады.

Тұқым қуалау бірлігі сақталған генетикалық материал ретінде әлемді мойындатқан Сиверс алмасы мәдени сұрыптарының 15000-ның арғы тегі болып табылады. Сирек кездесетін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түр. Сиверс алмасының таралу аумағының сиреп, Қызыл кітапқа енуінің бірден-бір себебі ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдарынан басталған Жоңғар Алатауындағы таулы бағбандықтың ауқымды, кең масштабта қарқынды дамуы болып табылады. Жабайы алма ормандарының үлкен аудандарының шабылуына Кеңес заманда тек топырақбекіткіштік қасиеті жағынан ғана қарастыруы әсер етті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жеміс ормандарының ашық учаскелеріне алма көшеттері отырғызыла бастады. Дегенмен, ғылыми жағынан білімнің және тәжірибенің жетіспеушілігінен және технология мен бақылаудың жетілдірілмегендігінен аталған жұмыстар тек мәдени және жартылай мәдени сұрып көшеттерімен жүргізілді.

Қазіргі уақытта жабайы алманың орманды алқаптарына мәдени көшеттердің араласып кетуінен жабайы алма түрін генетикалық материал ретінде сақтап қалуға үлкен қауіп төніп тұр. Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы биоалуантүрлілікті, соның ішінде ғаламдық маңызы бар жабайы жеміс ағаштарының генофонды және айрықша экологиялық, генетикалық, тарихи және эстетикалық құндылықтың қазынасы болатын табиғи тау ландшафтарын сақтау мақсатында құрылған. Аймақ таулы алуантүрлілікке бағытталған маңызды орталық болып саналады. Генетикалық резерват ретінде Жоңғар Алатауы тау ормандарының ең аз бүлінген табиғи учаскелері (510 га.) таңдап алынып, генетикалық маңызды нысандар тізіміне енгізілді.

Осы нысандарды – генетикалық резерваттарды ұстаудың негізгі шарты олардың табиғи тепе-теңдігін бұзатын барлық шаруашылық қызметтерімен айналысуға тыйым салынуы болып табылады және мұнда ғылыми жұмыстар және олардың жай-күйіне мониторинг ұйымдастырылған. Аталған саябақ флорасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған сирек кездесетін және жойылу қаупі бар Сиверс алмасы, секпілгүл, Жоңғар тасшөбі сияқты өсімдіктермен қатар әлемнің еш жерінде өспейтін өсімдіктердің 76 (эндемик) түрі осы қырқаларда өседі.

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының жабайы жемісті орман алқабы аясында алғаш рет «Сиверс алмасының гүлдеуі» атты фестивалі өткен жылдың 19 мамырында өткізілді. Бұл шараны Алматы қаласында 2010 жылдан бастап жылда ұйымдастырылатын «Алма күні» фестивалінің жалғасы деп түсінуге болады. Сонымен қатар, күннен-күнге күшейіп келе жатқан антропогендік әсерлер мен қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі жағдайында бұл генетикалық қор, сондай-ақ, оның негізінде алынған әлемге әйгілі сорттар өзінің иммунитетін жоғалтып, азып барады. Жеміс индустриясы үшін Қазақстанның жабайы жеміс ағаштары табиғи қойма болып табылатын табиғи ресурстарды сақтау керек.

А.ЖАМАНТАЕВА,

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

Қазақстан біріншілігінен Әлем чемпионатына баратын тұңғыш футболшы

01.04.2026
Тыйымның да терең мәні бар…

Тыйымның да терең мәні бар…

31.03.2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.