Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖЕҢІС КҮНІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 91 МАЙДАНГЕР ҚАЛДЫ

8 мамыр 2019
КҮНДЕРЕК
ЖЕҢІС КҮНІ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 91 МАЙДАНГЕР ҚАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ Ауған соғысына жалынды жастық шағын қиған жауынгер Қазбек Бейісбековтің өңіріне ІІ дәрежелі «Айбын» орденін қадап, ардагерді мерекесімен құттықтады. Еліміздің Қарулы Күштерінде қажырлы еңбек етіп, әскери жетістікке жеткендерге берілетін «Айбын» ордені негізінен үш дәрежелі болып келеді. Оның І және ІІ дәрежесі кіші және аға офицерлік құрамға берілсе, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін қатардағы жауынгерлер, матростар, сержанттар, старшиналар иеленеді.

Бұдан соң облыстық әкімдікке жиналған Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күніне орай қабылдаған өңір басшысы:

– Құрметті ардагерлер! Баршаңызды қос мереке – Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекетіміз өркендеп, ел-жұртымыз аман-есен болып, ұрпағымыз өсіп-өне берсін! Жыл сайын мереке қарсаңында сіздермен кездесу жақсы дәстүрге айналып отыр, – деп айтулы күннің маңыздылығын ерекше атап өтті. – Біз үшін 9 мамыр – батырлық пен ерліктің символына айналған ең қастерлі мереке. Бұл – аға ұрпақтың ерлігі мен рухының жеңісі. Соғыстың аяқталғанына биыл 74 жыл толып отыр. Ұлы Жеңісті жақындатуға қазақстандықтар да өзінің үлкен үлесін қосты. Отанға қауіп төнгенде, Жетісу жерінен майданға 120 мыңнан аса адам аттанып, олардың 50 мыңы туған жерге оралмады. Кеуделерін оққа тосып, бейбіт өмір үшін жандарын қиды. Жетісудан соғысқа аттанған 52 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Келер жылы – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Оған қазірден бастап дайындық жұмыстары басталып кетті. Сол күнге аман-есен жетіп, бірге қарсы алайық.

Аймақ басшысы ары қарайғы сөзін: «Сіздердің жалынды жастық шақтарыңыз сұрапыл соғыста өтті. Сол жылдарда ауыртпалық қарттар мен әйелдерге, жас балалардың иығына түсті. Ел басына күн туған уақытта, етігімен су кешіп, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен бүкіл еліміз бір кісінің баласындай, күні-түні еңбек етті. Қазіргі кезде Жетісу жерінде Ұлы Отан соғысының 91 ардагері, 10 мыңнан астам тыл еңбеккері бар. Мемлекет басшысының қамқорлығының арқасында ардагерлерге және басқа да санаттағы азаматтарға шипажайларға тегін емделуге, оңалтуға биыл 470 миллион теңге қаржы бөлінді. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қосалқы және көмекші құралдармен қамту үшін бюджеттен 3 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылды. 9 мамыр – Жеңіс күніне орай облыстық бюджеттен әрбір соғыс ардагеріне 500 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді. Алдағы уақытта да ардагерлерге деген қамқорлық жалғасатын болады,» — деп түйіндеді.

Әкімдіктің шағын залына жиналған ардагерлер өз ойларын ортаға салып, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін сөз қылды. Атап айтқанда, бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, Жастар жылының берер мүмкіндігі, Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы, соғыстан кейінгі ауыр жылдардағы еңбектің нәтижесі сынды көпшіліктің көңілінде жүрген естеліктер мен жақсылыққа шақырған баталар айтылды.

Естелік сыйлық пен гүл шоқтарын алған ардагерлер жиыннан соң қаладағы «Заңғар» мейрамханасында жайылған мерекелік дастарқаннан дәм татты.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.