Талдықорған: +27°C
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдеріне арналған «Құлагер» байқауы басталды

03.06.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдеріне арналған «Құлагер» байқауы басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауының ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Жетісу облысы әкімі «Құлагер» сыйлығы үшін журналистер арасындағы байқау – облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) мен жаңа медиа өкілдері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін байқау. Байқаудың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі – ІСБ).

1.2. «Құлагер» байқауы Жетісу облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара.

1.3. Байқауға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзге де өзекті мәселелерін жариялап жүрген штаттық немесе штаттан тыс авторлар, өңірлік газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер, ақпараттық агенттіктер мен жаңа медиа өкілдері қатыса алады.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы халықты облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар ету мақсатында өтеді.

2.2. Байқаудың негізгі мақсаттары:

– Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және ілгерілету;

– Жаңа медианы танымал ету (блогинг, мобильді журналистика және т.б.);

– Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын көрсету.

2.3 Байқаудың негізгі міндеттері:

Баспа, электронды БАҚ және жаңа медиа өкілдерінің кәсіби дамуын, шығармашылықта өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру;

Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

3.1. Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауына қатысушылар:

– Өңірлік БАҚ, Республикалық БАҚ облыстағы меншікті қызметкелері;

– Жеке үміткерлер – өңірлік және республикалық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар, телерадиокомпаниялар мен басқа да ақпараттық ұйымдардың өкілдері.

3.2. Үміткер ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Үміткер туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады;

3.3. 2022-2025 жылдардағы конкурстың жеңімпаздары ағымдағы конкурсқа қатыспайды.

КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ

4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

«Үздік мақала»;

«Үздік телесюжет»;

«Үздік операторлық жұмыс»;

«Үздік техникалық редактор»;

«Үздік журналистік зерттеу»

«Үздік фото».

АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР    

«Үздік баспасөз қызметі»;

«Ардагер журналист»;

«Бейсен Құранбек атындағы кәсіби шеберлігі үшін».

КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ:

5.1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.

5.2. Үміткерлер тек бір номинацияға ғана қатыса алады. Тіркелген баспасөз, электрондық БАҚ-та және жаңа медиада 2025 жылғы 1 маусымнан бастап 2026 жылғы 18 маусым аралығында эфирге шыққан, жарияланған бір материал ұсынылуы тиіс.

5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды.

5.4. БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):

Ұсынылған аталымға сәйкестігі;

Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;

Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік;

Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер);

Фотосуреттердегі арнайы эффектілер 30% дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.

БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

Файл көлемі: 25 ГБ дейін;

Формат: mp4;

Видеокодек: H264 (MainConcept);

Bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ге дейін;

Разрешение: 1280х720 немесе 1920 х 1080;

Framerate: 25fps;

Keyframe: әрқайсысы 25;

Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.

БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ

6.1. Өтінімдер 2026 жылдың 4 маусымынан 18 маусым сағат 18.00 дейін қабылданады.

6.2. Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстарды іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды. Материалдардың авторы қазылар алқасы үшін жасырын болады.

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

7.1. Байқауды үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

7.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.

7.3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс барысында осы Ережені басшылыққа алады.

КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

8.1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастыру комитеті әр аталым бойынша қазылар алқасын құрады;

8.2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды;

8.3. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – қоғамдық журналистік ұйымдардың, республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және т.б.

8.4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.

КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

9.1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

9.2. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға хақылы.

9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2026 жылдың 26 маусымда өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.

9.4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары сертификатпен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

10.1. Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.

10.2. Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28-үй, Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: 7su-smi@mail.ru .

10.3. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс;

10.4. Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.

10.5. Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:

Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;

Материалдың хронометражы 5 минуттан аспауы тиіс;

Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пиксельден бастап.

10.6. Конкурстық материалдар өңделмейді және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ интернет ресурстарда және басқа да дереккөздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдеріне арналған «Құлагер» байқауы басталды

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдеріне арналған «Құлагер» байқауы басталды

03.06.2026
Кипр Президенті Астанадағы қаржылық жобалардың әлеуетін жоғары бағалады

Кипр Президенті Астанадағы қаржылық жобалардың әлеуетін жоғары бағалады

03.06.2026
Қазақстан мен Кипр Президенттерінің келіссөздері кеңейтілген құрамда жалғасты

Қазақстан мен Кипр Президенттерінің келіссөздері кеңейтілген құрамда жалғасты

03.06.2026
Қазақстан мен Кипр Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Кипр Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

03.06.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр басшысы Никос Христодулидиспен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр басшысы Никос Христодулидиспен кездесті

03.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.