«Қазгидромет» синоптиктері 19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялап, Жетісу облысында қолайсыз метеорологиялық құбылысқа байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мамандардың мәліметінше, облыстың таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Күндіз өңірде ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады. Осыған байланысты облыстың орталық және оңтүстік бөліктерінде жоғары өрт қаупі, ал шығыс және батыс аудандарында төтенше өрт қаупі жарияланған.
Талдықорған қаласында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Қала аумағында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, ашық от жақпауға және табиғат аясында сақ болуға шақырады.





