Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында құбыр жарылды

13 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында құбыр жарылды

видеодан скриншот

WhatsAppTelegramFacebook
Жетісу облысы Сарқан ауданы Екіаша ауылындағы «Кіші Басқан» өзенінде орналасқан ВБ ГЭС-2 станциясында су құбыры жарылды. Облыстық әкімдік оқиғаға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
12 тамыз сағат 17:00-де «Кіші Басқан» өзенінде орналасқан ВБ ГЭС-2 станциясында су құбыры жарылған. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Алайда облыстық әкімдік оқиға туралы қате ақпарат тарағанын айтады.
«Бұл оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат кейбір тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды, алайда нақты жағдай желіде таралған мәліметтерден едәуір өзгеше», — дейді ведомство.
Оқиға орнына келген «Baskan Power» ЖШС-нің қауіпсіздік мамандары жедел түрде жоғарғы су қабылдағыштан су беруді тоқтатып, судың станция аумағынан тыс жерге таралуына жол бермепті. Нәтижесінде өзен маңындағы тұрғын үйлер зардап шекпеген, халық пен экологиялық қауіпсіздікке қатер туындаған жоқ.
«Технологиялық тұрғыда құбыр жарылды, су ГЭС ғимараттары арқылы және сыртқы бетке шығарылды. ГЭС-тің жедел кезекші қызметкерлері электр қуатын ажыратып, су беруді тоқтатты. Ал сағат 18:00-де құбыр толықтай сусыздандырылды. Суды сорып шығару жұмыстары басталды, бүгінде ғимарат ішіндегі су толығымен сорылып шығарылды, қазір апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Су атқылауы кезінде жергілікті халыққа зиян келген жоқ, тұрғын үйлер мен қожалықтарды су басқан жоқ. Экологиялық қауіп жоқ, су толығымен өзен арнасына қайтты», дейді «Baskan Power» ЖШС техникалық директоры Данияр Досабаев.
Айта кетері, «Baskan Power» ЖШС-да шамамен 90 адам жұмыс істейді, олардың барлығы – жергілікті тұрғындар.
Жетісу облыстық әкімдігі тұрғындарды тек ресми дереккөздердегі тексерілген ақпаратқа сенуге және негізсіз дүрбелең тудырумауғ шақырды.
«Барлық қызмет қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», — деп түйіндеді ведомство.

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.