Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысындағы балалар лагерінде есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

28 шілде 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысындағы балалар лагерінде есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының Көксу ауданында орналасқан «Қарлығаш» жазғы демалыс лагерінде «Нашақорлыққа қарсымыз» атты ұранмен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, — деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл акцияны облыстық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары мен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері бірлесіп өткізді.

Шараға «Қос қанат» қоғамдық қорының психологы және облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері арнайы шақырылды. Олар лагерьде демалушы балалармен кездесу өткізіп, салауатты өмір салтының маңызы мен зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсінік берді.

Іс-шараның басты ерекшелігі – оның интерактив форматта ұйымдастырылуында. Балалар өздерінің шығармашылығын ортаға салып, сурет салу байқауына қатысты, сондай-ақ зияткерлік ойындар, шахмат пен дойбы турнирлері, баскетбол жарысы сияқты түрлі танымдық әрі спорттық белсенділіктерге тартылды.

Полиция қызметкерлері балаларға есірткі қолданудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы айтып, құқық қорғау органдарының рөлі мен оларға сенім білдірудің маңызын жеткізді.

Кездесу соңында кеңес мүшелері қатысушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану және белсенді өмір сүру жөнінде пайдалы кеңестер берді.

Іс-шараға барлығы 100 бала қатысты. Белсенділік танытқан қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бұл акция – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Ол полиция, медицина саласы және үкіметтік емес ұйымдардың өзара тиімді ынтымақтастығының нақты әрі табысты үлгісіне айналды.

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.