Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда әуежай салынады

01.06.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда әуежай салынады

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша Үкімет неміс инвесторларымен бірлесіп Жетісуда халықаралық жүк және жолаушылар әуежайын салады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Skyhansa компаниясының тең құрылтайшысы және директорлар кеңесінің мүшесі, доктор Кристин Грётцбахпен кездесу өткізді. Онда Жетісу облысындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы маңында жүк және жолаушылар әуежайын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-дағы халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының жобасы ICAO халықаралық ұсынымдарына сәйкес авиациялық инфрақұрылым салудың үш кезеңді бағдарламасын көздейді. Бірінші кезең шеңберінде 2027 жылға дейін өткізу мүмкіндігі сағатына 50 адамға дейін жолаушылар терминалын (2032 жылға қарай – сағатына 500 адамға дейін); JET A-1 авиаотыны жаңа түрінің заманауи отын қоймасының көлемі жылына 200 мың тоннаға дейін (2032 жылға қарай – 550 мың тоннаға дейін); автотұрағы және жылына 50 мың тонна теміржол тұйығы бар жүк терминалын (2032 жылға қарай – жылына 250 мың тоннаға дейін) салу жоспарлануда.

Екінші және үшінші кезеңдер шеңберінде 2032 жылға дейін туристік және ойын-сауық инфрақұрылымы да құрылады. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 250 млрд. теңгені құрайды. Жобада Air – Rail – Auto-Air жүк тасымалдарының мультимодалды сызбасын әзірлеу және Азия-Тынық мұхиты аймағы бағытындағы көлік және логистикалық маршруттардың түйіскен жерінде экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашу көзделген.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру жөніндегі ауқымды жұмыс шеңберінде көлік-логистика саласын басым бағыттардың бірі ретінде атады. Жетісу облысында заманауи әуежай салу жобасын жүзеге асыру инфрақұрылымды дамытуға елеулі серпін береді және Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтады, – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Skyhansa компаниясының тең құрылтайшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, доктор Кристин Грётцбах жобаның авиациялық инфрақұрылымды дамытуға ғана емес, сонымен қатар өңірде заманауи логистикалық және іскерлік орталық қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. «Біз жай ғана әуежай емес, халықаралық деңгейдегі дамыған инфрақұрылымы: жүк және жолаушылар терминалдары, жанармай құю кешені, әуе кемелеріне авиациялық-техникалық қызмет көрсету орталығы (MRO), бизнес орталығы, мультимодалды логистикалық мүмкіндіктерге арналған қонақүйлері бар көпфункционалды өңірлік хаб құрып жатырмыз. Оның Қытаймен шекараға жақын орналасуы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА шеңберінде халықаралық сауданы дамытуға қолайлы жағдай жасайды, ал оның теміржол және автожол желілеріне қосылуы жаңа Жібек жолындағы келешегі зор логистикалық тораптардың біріне айналдырады», деп атап өтті доктор Кристин Грётцбах.

Кездесу соңында ҚР Көлік министрлігі мен Skyhansa арасында Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес, инвестор қажетті авиациялық ин-фрақұрылым құрылысын, негізінен отандық материалдар мен қызметтерді пайдалануды, сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға қызметкерлердің кемінде 90%-ы Қазақстан азаматтары болуын қамтамасыз етуге міндеттеледі. Қазақстандық тарап инженерлік және көлік инфрақұрылымын тартып, сондай-ақ арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға мақсатты жеңілдіктер береді.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.