Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

8 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталды. Жеңімпаз әулеттер өкілдеріне марапатты облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы драма театрында өткен салтанатты шарада сөйлеген құттықтау сөзінде өңір басшысы отбасы құндылықтарын сақтаудың, ұрпақ тәрбиесінің қоғамдағы маңызына тоқталып, оған «Мерейлі отбасы» байқауының оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Ұлттық құндылықтардың бастауы Атамекен, туған жер, қара шаңырақ ұғымдарымен әрдайым тығыз байланысты. Сондықтан отбасы институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу —  біздің ортақ міндетіміз. Бүгін марапатталып отырған өнегелі отбасылар – Жетісу жерінің ғана емес, қазақ елінің мақтанышы болуға лайық деп білемін, — деді Б. Исабаев.

Мұнан соң салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. «Мерейлі отбасы» байқауының І орын жүлдесі Ескелді ауданынан қатысқан Бектеновтар отбасына берілді. ІІ орынға алакөлдік Шұғаевтар ие болды. Үшінші орын жүлдесімен Кербұлақ ауданынан келген Жақыпбектер отбасы марапатталды.  Оларға ақшалай сертификат, арнайы диплом және статуэтка сыйға тартылды. Сол сияқты ынталандыру сыйлықтарына текелілік Бекбергеновтер, Алакөл ауданынан келген Өміртаевтар, Кербұлақ ауданынан қатысқан Омаровтар, көксулық Әділқожаевтар, қараталдық Биболовтар, Әбілхановтар, Панфилов ауданынан келген Сатыбалдиевтар отбасы иеленді.

Мәселен, осы күні ерекше құрметке ие болған Бектеновтар әулетінде үш жасынан атқа мінген, бес жасынан бәйгеге қатысып жүрген Хамза есімді жас шабандоз өсіп келеді. Ол 10 жасына дейін республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы, «Алтын Тұғыр» сыйлығының лауреаты және «Жетісу батыры» төсбелгісінің иегері болды.

Жолдасым Марлан Бектенов белгілі бапкер, өзі де жастайынан мықты шабандоз болған. Бүгінге дейін 30-дан астам баланы шабандоздыққа үйретті, соның ішінде баламыз Хамза да бар. Хамза жастайынан жылқыға жақын болып өсті, өте сезімтал бала, аттың мінез-құлқын айтқызбай сезіп-біліп отырады. Марлан екеуміз 7 бала өсіріп, тәрбиелеп отырмыз. Балаларымызды үлкенді құрметтеуге, кішіге ізетті болуға үйретіп келеміз. Бүгін «Мерейлі отбасы» байқауынан 1-ші орынды иеленіп, республикалық байқауға жолдама алдық. Астанадан да жеңіспен ораламыз деген үмітіміз бар, — дейді Динара Бектенова.

Осындай марапатқа ие болғандардың бірі — Қаратал ауданынан Биболовтар әулеті. Олар — жалпы еңбек өтілі 75 жылдан асатын теміржолшылар.

 Менің әкем темір жолда 44 жыл еңбек етті. Ал менің осы саладағы еңбек өтілім — 41 жыл, жолдасымның өтілі – 37 жыл. Сол сияқты балам да біздің жолымызды жалғап, 20 жылдан бері темір жол саласында қызмет жасап келеді. Бүгінгі байқауға отбасының береке-бірлігі мен өзара сыйластығы қандай болатынын көрсетіп, жастарға ой салсақ деген мақсатпен қатысқанбыз. Біздің әулетіміздің өмір жолын бағалап, марапаттап жатқандарына шын жүректен қуандық, — дейді отанасы Светлана Әбішева.

Жалпы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне 418 отбасы қатысқан. Осы орайда атап өтсек, өтінімдер саны жағынан Жетісу облысы  еліміз бойынша алдыңғы орыннан көрінді.

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.