Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда «Нерест» акциясы басталды

24 сәуір 2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда «Нерест» акциясы басталды

www.uralskweek.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының су айдындарында көктемгі балық аулауға тыйым салынды. Биыл климаттық өзгерістерге байланысты кейбір нысандарда шектеу уақыты өзгерген. Бұл туралы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысы Ринат Құмашев мәлімдеді.

Балық ресурсының табиғи жолмен өсіп-өнуіне жағдай жасау мақсатында облыс аумағындағы өзен-көлдерде балық аулауға қатаң шектеу қойылды. Атап айтқанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз өзенінде, сондай-ақ осы өзендердің Балқаш көліне құяр сағасынан бастап 5 шақырым радиуста балық аулауға 15 сәуір мен 1 маусым аралығында тыйым салынған. Ал Балқаш көлінің шығыс бөлігінде, яғни Ұзынаралдың оңтүстік жиегінен Аягөз өзенінің сағасына дейінгі аумақта тыйым салу мерзімі 25 сәуір мен 10 маусым аралығын қамтиды.

Балқаш көлінің шығыс бөлігінде (Ұзынаралдың оңтүстік шетінен Аягөз өзенінің сағасына дейін) – 25 сәуір мен 10 маусым аралығында балық аулауға болмайды.

Осыған орай, облыс көлемінде дәстүрлі «Нерест» табиғат қорғау акциясы да басталды. Инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдар және құқық қорғау құрылымдарымен бірлесіп күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Су айдындарында рейдтік шаралар жиілеп, тасжолдарда уақытша бекеттер орнатылуда.

Уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабына сәйкес, балық аулау қағидаларын бұзу 10-нан 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлға және құқық бұзушылық құралдарын тәркілеуге әкеп соғады. Ал Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша 6000 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, – деді Ринат Құмашев.

Статистикаға сүйенсек, «Нерест-2025» акциясының нәтижесінде 94 заң бұзушылық анықталған. 90 адам әкімшілік жауапқа тартылса, 4 материал құқық қорғау органдарына жолданды. Заңсыз әрекеті үшін құрықталғандарға 1,9 млн теңге айыппұл салынып, балық қорына келтірілген зиян үшін 2,1 млн теңгеге талап-арыз қойылған. Сондай-ақ, 25 тыйым салынған құрал мен 4 су көлігі тәркіленді.

Балықтардың уылдырық шашу орындарына еркін жетуін қамтамасыз ету үшін өзендерді заңсыз аулардан тазарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жақында Лепсі өзенінде өткен «Таза су айдындары» акциясына еріктілер мен жергілікті тұрғындарды қосқанда 30-дан астам адам қатысты. Акция нәтижесінде су бетінен 150 метрден астам заңсыз ау алынып, жағалаудан 1,4 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Инспекция өкілдері бақылау шаралары Балқаш-Алакөл бассейніндегі барлық су айдындарында тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.