Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті

2 қазан 2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Қарттар күніне орай «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Фестивальге Жетісу облысының аудан-қалаларынан келген аға буын өкілдері қатысты. Олардың қатарында облысқа танымал зиялы қауым өкілдері, түрлі саланың ардагерлері мен белсенді азаматтар болды.

Шараға Текелі қаласындағы «Шапағат» қарттар үйінің тұрғындары да қатысты. Демеушілердің қолдауымен қарттар үйіне дыбыстық аппаратура табысталды.

Фестиваль аясында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында «Туған күніңізбен, Анашым!» атты премьера қойылып, көрермен назарына ұсынылды.

Қойылымды аудан-қалалардан келген 300-ге жуық қария және 200 жас тамашалады.

– «Біздің басты мақсатымыз – аға буын өкілдерінің сапалы әрі белсенді өмір сүруіне жағдай жасау. Қариялардың қажетті медициналық көмекті уақытылы алып, денсаулығын тұрақты бақылауда ұстауы – маңызды міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізуге өз үлесімізді қосуды көздейміз», – деді «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Ғабдылкәрімұлы Есбай.

Ал партия ардагері Ерғазы Қошанбекұлы фестивальдің аға буын үшін маңызын атап өтті.

– «Біз үшін мұндай кездесулердің орны бөлек. Жастардың арасында отырып, олардың өнерін көріп, әңгімелесудің өзі үлкен қуаныш. Біздің буынның көргені мен түйгені көп. Сол тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Бүгінгі қойылым да ата-анаға деген құрметті, отбасының қадірін жақсы көрсетті», – деді Ерғазы Қошанбекұлы.

Анаға деген құрмет, отбасы құндылығы, ата-анаға деген жауапкершілік пен ұрпақтар арасындағы байланыс көрініс тапқан қойылым көрерменге ой салды.

«Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі аясындағы бұл шара аға буын мен жастарды бір ортаға жинап, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.

Қатысты жаңалықтар

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 18,3 млрд долларға жетті

Бүгін, 12:30
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Қуатты қала – қуатты мемлекет

Бүгін, 12:05
Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Жұмыстан шыққанда демалыс ақысы қалай есептеледі?

Бүгін, 12:00
Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Сеулде Kazakh Tourism өкілдігі ашылуы мүмкін

Бүгін, 11:30
«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

«Заң мен тәртіп»: Көшеде ішімдік ішетіндерді камера арқылы анықтауда

Бүгін, 11:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.