Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы 2 наурыз сағат 00:45-тен бастап республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді. Аталған аумақ Көктұма ауылынан Достық станциясына дейінгі бөлікті қамтиды.
Жолды 2026 жылғы 3 наурыз сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.





