Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жетісу музейлері Қызылордада

2 наурыз 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК, МУЗЕЙ
Жетісу музейлері Қызылордада
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен ғасырда өмір сүрген жетісулық тұлғалардың өмір жолдары Қызылорда қаласымен тікелей байланысты. ХХ ғасырдың басында ел астанасы болған Қызылордада Алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлы, ақын Ілияс Жансүгіров сынды тұлғалар қызмет етіп тер төксе, еңбек ерлері атанған Нұрмолда Алдабергенов пен Ыбырай Жақаев арасындағы достық пен өзара қызметтік қатынастары дәлел бола алады. 

Ақпан айының 23-25 күндері аралығында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейі мен Ілияс Жансүгіровтың әдеби музейі  Қызылорда облысында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – музейаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тарихи тұлғалар арасындағы рухани байланысты насихаттауға бағытталған.

23 ақпан күні Қызылорда қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейінің «Ілияс Жансүгіров және Қызылорда кезеңі» атты жылжымалы көрмесі құрылып, салтанатты ашылуы өтті. Көрме «Музей tour: экспонаттар экспедициясы» жобасы аясында өткізілді. Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, көрмеге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева және Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері арнайы келді.

Көрмеге Ілияс Жансүгіровтің жеке тұтынған заттары, сирек қолжазбалары, фотосуреттері мен құнды архивтік құжаттары көпшілік назарына ұсынылды. Ақынның Қызылорда кезеңіндегі шығармашылық ізденістері мен қоғамдық қызметі көрме мазмұнында кеңінен қамтылып, сол дәуірдің әдеби-рухани тынысы айқын көрініс тапты.

Ал, 24 ақпан күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейінің «Еңбекпен ер атанған Нұрмолда» атты  жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрме екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда алдабергеновтың 120 жылдығына орай құрылды. Шараға Шиелі ауданының бас мамандары, Нартай Бекежанов атындағы мемориалды өнер музейі мен Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ, мектеп оқушылары қатысты. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «Ақ күріштің атасы» атанған Ыбырай Жақаевтың ұрпағы, Шиелі ауданының құрметті азаматы Жақаев Сейітбек Ыбырайұлы  жылы лебізін білдірді. Көрмеде Нұрмолда Алдабергеновтың өмірі мен еңбек жолын айшықтайтын фотосуреттер, мұрағат құжаттары, марапаттары және жеке қолданған заттары көпшілік назарына ұсынылды.

Жетісудан барған бұл екі көрме Қызылода облысы мен Қызылорда қаласының тұрғындарына барынша кеңінен насихатталып, екі облыстың мәдени-рухани сабақтастығын нығайтатын игі шара болды.

Қалқаман Абдрахманұлы,
Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы
облыстық-тарихи өлкетену
музейінің редакторы

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін, 20:52
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Бүгін, 20:46
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.