Талдықорған: +22°C
$ 479.26
€ 546.21
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда жыл басынан 4 бала cуға кетті

30.06.2026
КҮНДЕРЕК
Жетісуда жыл басынан 4 бала cуға кетті

ӨКҚ

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында шомылу маусымы кезінде тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Бұл туралы Журналистер үйінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, өңірде суға түсуге ресми түрде рұқсат етілген төрт орын бар. Олар – Талдықорған қалалық жағажайы, Алакөл ауданындағы Ақши және Көктұма, сондай-ақ Балқаш көлі жағалауы.

Шомылу маусымы басталғалы судағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. 1 маусымнан бері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 8 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Елдар Тұрсыновтың айтуынша, биыл өңірде суға кету салдарынан төрт бала көз жұмған.

– Биыл облыста суға кету салдарынан төрт бала көз жұмды. Оның ішінде ең қайғылы жағдай Кербұлақ ауданындағы Аралтөбе су қоймасында тіркелді. Бұл жерде 2015 және 2017 жылы туған екі қыздың денесі табылды. Аралтөбе – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын су қоймасы, егістік алқаптарын суаруға арналған. Аталған аумақта суға түсуге тыйым салынғаны туралы арнайы белгілер орнатылған. Тағы бір оқиға Үштөбе қаласы маңындағы Қаратал өзенінде болды. Екі жастағы бала ата-анасының қарауынсыз өзен жағасында ойнап жүріп, суға құлап кеткен. Төртінші қайғылы жағдай Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев ауылдық округіне қарасты Балқаш көлінің жабайы жағажайында тіркелді. Бұл аумақ суға шомылуға арналмаған. Үш жастағы бала ата-анасының қарауынсыз қалып, суға кеткен. Барлық жағдайда балалардың  қараусыз қалу салдарынан болып отыр, – деді Елдар Тұрсынов.

Спикердің айтуынша, қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін өңірде тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындарға қауіпсіздік талаптары түсіндірілуде. Құтқарушылар жадынамалар таратып, әлеуметтік желілерде ақпараттық бейнероликтер жариялап келеді. Дегенмен мамандар өңірдегі барлық су айдындарын толық бақылауда ұстау мүмкін емес екенін атап өтті.

Брифинг барысында облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бағдат Тыныбеков 1 шілдеден бастап шағын көлемді кемелерге мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті Төтенше жағдайлар департаментіне берілетінін айтты. Оның сөзінше, бұл өзгеріс су айдындағы қауіпсіздікті күшейтіп, заң талаптарының сақталуын бақылауды тиімді етеді.

– 1 шілдеден бастап шағын көлемді кемелерге мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті Төтенше жағдайлар департаментіне беріледі. Осыған байланысты тиісті бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде облыс бойынша Алакөл мен Балқаш көлдерінде тіркелген 270 шағын көлемді кеме бар. Рейд барысында тіркелмеген жүзу құралдарының құжаттары тексеріледі. Сонымен қатар, гидроциклді тиісті жүргізу куәлігінсіз басқаруға болмайды. Ал шағын көлемді кемені мас күйінде басқарған азаматтар жеті жылға дейін көлікті басқару құқығынан айырылады, – деді Жетісу облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының   бастығы Бағдат Тыныбеков.

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тұрғындарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға, балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға, шағын көлемді жүзу құралдарын пайдаланғанда міндетті түрде құтқару кеудешесін киюге және қолайсыз ауа райында суға шықпауға шақырды.

Аяулым Шынгаева

Қатысты жаңалықтар

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

Әділетті Қазақстанның басты құжаты

01.07.2026
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

01.07.2026
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

01.07.2026
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті

Құқықтық мемлекет тірегі

01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

01.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.