Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу обылысында 4 баланың әкесі полиция қызметкерін кінәлап, өзіне қол жұмсады

05.03.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу обылысында 4 баланың әкесі полиция қызметкерін кінәлап, өзіне қол жұмсады

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында 27 жастағы Азат Құдайбергенов өзіне қол салды. Марқұм өзіне қол жұмсамас бұрын өліміне полиция қызметкері кінәлі екенін айтып, хат жазып қалдырған. Бұл туралы Orda.kz басылымы хабарлайды.

Оқиға ауылдағы дүкеннің сейфінен шамамен 300 мың теңге ақшаның жоғалуымен басталған. Полиция ұрлық жасады деген күдікпен оқиғадан 10 күн бұрын сол жерден жұмыстан шығып кеткен марқұм Азат және оның бауыры Сағат Құдайбергеновтерді ұстаған.

«Оларға ұрлаған адамның кім екені маңызды болмады. Полиция 19 ақпан кешке бізді тергеуге шақырды. Таңға дейін ұстады. Қорқытты. Оларға тергеу қажет болған жоқ, оларға айыптайтын адам керек болды. Біз ұрлыққа қатысымыз жоқ екенін, тіпті дүкенде болмағанымызды түсіндіруге тырыстық, бірақ оларға бәрібір болды. Олар дәлел іздеген жоқ. Бізге мойындатқысы келді», – дейді Сағат Құдайбергенов.

Марқұмның бауырының айтуынша, тергеу кезінде бөлмеге Олжас есімді полиция қызметкері кірген.

«Тергеу кезінде кабинетке Олжас есімді полицей кірді. Бір кездері Азат екеуінің арасында жанжал болған, сол үшін кек сақтап қалғандай көрінді. Ол бізге үкім шығарып қойғандай: “Сендер ұрладыңыздар. Мен сендерді түрмеге отырғызамын” деді”, – дейді Самат.

Осындан кейін ағайындылар таңертең Кербұлақ аудандық полиция бөліміне қайта келулері керек болған. Бірақ Азат бауырына қоңырау соғып, полиция бөліміне бармайтындарын айтып, басқа жерге келуін өтінген.

«Таңертең маған Азат қоңырау шалды. Дауысы ерекше сабырлы болды. Ол полицияға бармайтынымызды айтты. Ал кейінірек, сағат 11:00 қайта қоңырау шалып, “Жылдам көлге кел. Әкемізді ала кел. Тек жалғыз келме“ деді. Мен қорқып кеттім, не боп жатқанын сұрадым, бірақ ол тек бір “жалғыз келме” деп жауап берді”, – дейді марқұмның бауыры.

Кейін әкесімен бірге ауыл шетіне келген Самат ағасының асылып қалғанын көрген. Электр бағанасына асылып қалған Азатты әкесі мен бауыры жүрге түсіріп алған. Кейін марқұмның бас киімінің ішінен хат табылған.

“Данияр аға, камераны ашып, жазбаларды қараңыз. Сағат кінәсіз. Оның және өз отбасымның атымен мен бұл шындықты өлімімен дәлелдеймін.

Анашым, мені кешірші. Сенің ақымақ ұлың осындай жолмен кетті. Анашым, менің төрт балам — енді сендерге аманат. Әке, егер мен сені қашан да ренжіткен болсам, кешір. Екі қарындасым, шеккен азап үшін кешіріңдер.

Анашым, мен бұл жаланы көтере алмаймын.

Анашым, маған Октябрьдің ұлы — Олжас тиісті. Ол маған: “Мен сені бәрібір түрмеге отырғызамын“ деді. Ал кеше бізді Сағатпен бірге Багдат есімді жігіт тергеді, ол адал, менің өліміме кінәлі емес.

Мынаны адамдарға көрсетіңіздер!”, – делінген марқұмның хатында.

Сағаттың айтуынша, оқиға орнына бірінші болып, полицейлер емес, неге екені белгісіз, хатта аты аталған Олжастың әкесі Октябрьдің өзі келген.

Азаттың анасы Гүлбағиза Оңғарбаева ұлының денесінде ұрып-соғу іздері болғанын айтады.

«Оның ерні жарылып кеткен. Шынтақтарында көгерулер мен сызаттар болды. Мен оны полицияда ұрып-соққанына сенімдімін. Ол шыдамай, ақыры осы шешімді қабылдады, оның ойынша, бұл оның кінәсіздігін дәлелдеп, осы бассыздықты тоқтатуға көмектесетін жалғыз жол болған шығар», – дейді марқұмның анасы.

Кербұлақ аудандық полиция бөлімі Азат есімді жас жігіттің денесін жоғары вольтты бағананың астында арқанмен асылған күйде тапқанын хабарлады. Қылмыстық іс “өзіне қол жұмсауға жеткізу” бойынша қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Фото: видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.